Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қазақстандағы ең бай 5 адам кім?

  • © CC0

    © CC0

Forbes журналы 2019 жылғы әлемдегі ең бай адамдардың рейтингісін жариялады. Тізімге 5 қазақстандық кірді.


1-орында Владимир Ким тұр. Оның дәулеті – 4,5 миллиард доллар.


Әлемдегі ең ауқатты адамдардың арасында 424-орыннан көрініп отыр. KazMinerals компаниясының негізгі акционерінің дәулеті өткен жылы 3,2 миллиард доллардан 4,5 миллиард долларға өскен. Forbes-тың 2018 жылғы тізімінде ол 766-орында болған.


2-орынға Болат Өтемұратов жайғасты.


Оның дәулеті 3,4 миллиард долларға бағаланды. Әлемдегі ең ауқатты азаматтардың тізімінде 645-орында. 2018 жылы Қазақстандағы ең дәулетті адамдардың тізімінде 3-орында болған, әлем бойынша 924-орыннан көрінді. Қазақ кәсіпкері өткен жылы 800 миллион доллар табыс тапқан.


Болат Өтемұратов – АТФ Банкінің негізін қалаушылардың бірі. Ол ForteBank, НАРХОЗ университеті, RG Gold алтын өндіру компаниясы, Қазақстандағы, Informburo порталы, Global Development жылжымайтын мүлік компаниясы және түрлі салада жұмыс істейтін басқа да компанияларға иелік етеді.


3 және 4-орында Қазақстандағы ең бай отбасы – Тимур және Динара Құлыбаевтар.


Әлемдік байлардың тізімінде 715-орында (2018 жылы 729-орын) тұр.


Әрқайсысының дәулеті 3,1 миллиард долларды құрайды. Олар жалпы $6,2 миллиард долларға иелік етеді.


Өткен жылы ерлі-зайыпты Құлыбаевтардың әрқайсының байлығы 3,2 миллиард долларға бағаланған.


Биыл еліміздегі ең бай адамдардың рейтингісінде олар 1-орыннан 3-орынға сырғыған.


Ерлі зайыптылар АЛМЭКС компаниясына иелік етеді. Оның құрамында жүзге жуық компания бар. Олардың негізгісі – "Халықбанк" АҚ. 2017 жылы аталған банк"Қазкоммерцбанкті" сатып алды.

Сондай-ақ Динара Құлыбаева "Мирас" халықаралық мектептер желісіне иелік етеді.


5-орында – Әлижан Ибрагимов.


Ол – әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде 1008-орында (2018 жылы 1070 орында) тұр. Оның табысы өткен жылмен салыстырғанда артпаған, дәулеті – 2,3 миллиард доллар.


Ең бай қазақстандықтардың жалпы байлығы 16,4 миллиард долларға жетті.


Айта кетейік, бай-бағландардың дәулеті туралы жазатын АҚШ-тың Forbes журналы аталған рейтингті 2019 жылдың 5 наурызында жариялады.


 Sputnik




Көрілген: 886    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.03.2019, 16:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Шілде, 22:45
    Өзіңді дамыту
    16 Маусым, 20:02
    Ақша үнемдеудің 5 жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31