Қазақстандықтар 2021 жылы қанша күн демалады?
Қазақстандықтар 2021 жылы 244 күн жұмыс істеп, 121 күн демалады. Демалыстардың көбі қаңтар мен мамыр айларына түсіп тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
 
Редакция 2021 жылы қандай мерекелер болатынын жинап шықты.
 
Келесі жылы ұзаққа созылатын демалыс күндері:
 
қаңтарда Жаңа жыл - 4 күн;
 
Наурыз мейрамы - 5 күн;
 
мамырда Жеңіс күні - 4 күн;
 
желтоқсанда Тәуелсіздік күні - 4 күн.
 
Қалған мерекелерде 5 күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күннен демалады. Бұл діни мейрамдарды қоспағанда - 7 қаңтар, Рождествода және 20 шілде Құрбан айтта қазақстандықтар бір күн ғана демалады.