Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қазақстандықтар балаларына вакцина салдырмағаны үшін ата-ана болу құқығынан айырыла ма?

  • Қазақстандықтар балаларына вакцина салдырмағаны үшін ата-ана болу құқығынан айырыла ма?

    Қазақстандықтар балаларына вакцина салдырмағаны үшін ата-ана болу құқығынан айырыла ма?

Гүлмира Исембиеваның видеосы әлеуметтік желіде кең тарады. Ол балаларына вакцина салудан бас тартқан ата-аналардан балаларын тартып алатыны туралы ақпарат таратқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі StopFake басылымына сілтеме жасап.

Ол ата-аналар балаларына вакцина салдырмаса немесе психотроптық дәрілермен емделуден бас тартса, оларды ата-ана құқығынан айыратыны туралы айтты. 

 
"Видеода Исембиева152-бапқа сілтеме жасай отырып, медициналық көмек алудан бас тарқан ата-аналардан балаларын тартып алатынын мәлімдеді. Бейне хабарлама интернетте 2020 жылдың наурыз айында пайда болды. Содан кейін сенат депутаттары оны жоққа шығарды, мұндай заң жобалары мен нормалары қарастырылмаған деп мәлімдеді олар. Оған қоса, жаңа заң жобаларын қабылдау кезінде қоғамдық пікір ескерілуі керек екенін айтты", - деп жазады портал.

Басылымда айтылғандай, қазір заңнамада бұл мәселеге байланысты ештеңе өзгерген жоқ. 2020 жылдың 7 шілдесіндегі "Адамдардың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс әлі күнге дейін нормаларды сақтап келеді. Оған сәйкес кез келген Қазақстан азаматы "саналы келісім беруге немесе емдеуден және басқа медициналық араласулардан, оның ішінде профилактикалық егулерден бас тартуға" құқылы.

Сонымен қатар, 16 жастан асқан балалар профилактикалық және консультациялық-диагностикалық көмек алудан бас тартуға құқылы.




Көрілген: 803    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.11.2020, 16:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қаңтар, 14:28
    Құлақ неге шулайды?
    11 Қаңтар, 22:41
    ЭЦҚ мерзімін ұзарту
    5 Қаңтар, 16:51
    IBAN дегеніміз не?
    27 Желтоқсан 2020
    ҚАЛАМПЫРДЫҢ ҚАСИЕТІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31