Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қазақстандықтар зейнетақының бір бөлігін шипажай еміне қолдана ала ма?

  • Қазақстандықтар зейнетақының бір бөлігін шипажай еміне қолдана ала ма?

    Қазақстандықтар зейнетақының бір бөлігін шипажай еміне қолдана ала ма?

Әзірге қазақстандықтар зейнетақының бір бөлігін шипажай еміне пайдалана алмайды. Алайда бұл мәселені министрлік талқылап жатыр. Бұл туралы "Отбасы банк" АҚ төрағасы Ләззат Ибрагимова айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Ережелер қазір Әділет министрлігінде бекітілуде. Бұл мәселені талқылау соңғы сатыда тұр. Біздің соңғы баспасөз мәслихатында айтқанымызды естігенін нақты білемін. Сегізінші мақсат та пайда болды. Ол - қосымша репродуктивті көмекші технологиялар. Қазір ЭКО жасатуға болады. Бұл ереженің соңғы құжатта пайда болғанын нақты білемін", - деп түсіндірді банк басшысы Ләззат Ибрагимова.

Зейнетақы қорының бір бөлігіне шипажайда ем туралы мәселе әлі қаралып жатқанын жеткізді.

"Бұл бағытта менде нақты ақпарат жоқ. Бірдеңе деп, салымшыларды шатастырғым келмейді. Ол ережелерде баспананы алудан бөлек басқа да бизнес процестер қолжетімді болады", - деді Ләззат Ибрагимова. Еске салсақ, 2021 жылы 2 қаңтарда президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды.

Зейнетақы жинағынан алуға болатын сома БЖЗҚ сайтында автоматты түрде көрсетіледі. 23 қаңтардан Қазақстанда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталды. Арнайы порталда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталғалы үш сағаттың ішінде 4 мыңнан астам адам өтініш берді.




Көрілген: 3886    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.02.2021, 15:07

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30