Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қазақстандықтарды сәуір айында не күтіп тұр? - Астрологтың болжамы

  • © russianireland

    © russianireland

Астролог Ирина Абдраимованың айтуынша, сәуір айының басы барынша тыныш болады. Алайда айдың ортасына қарай жағымсыз өзгерістер болып, бар назарымызды айналамыздағылармен жақсы қарым-қатынас құруға бағыттауымызға тура келеді.


"Көктемнің екінші айында жеке жұмысымызды реттеуге кірісеміз. Бастысы жұмысымызға деген қызығушылығымызды жоғалтып алмасақ болғаны. Бір шетінен бізге іштей асығыстық пен аңғалдық кедергі келтіреді. Яғни бір ай бойы жақындарымызбен қиындықтарымызды шеше алмай біраз әбігерге салынамыз", - дейді астролог.


Әлемдегі саяси ахуал шиеленісе түседі


Сондай-ақ, маман өзіміздің өзгелермен сөз таластырып, жанжалдасуға бейім келетінімізді айтып өтті. Кей жағдайда, тіпті, өзіміз бірінші болып айналамыздағыларға орынсыз тиісе бастаймыз. Бұдан өзге көптеген адам ақша жоғалтып, материалдық қиындықтарға тап болады.


"Сәуір айында Сатурн мен Платон планеталары бір-біріне жақындай түседі. Олардың екеуі де үлкен жағымсыз энергияға ие. Осы энергия әлемдегі саяси ахуалдың шиеленісе түсуіне әсер етеді. Бірақ осы шиеленіскен жағдай өзінің шарықтау шегіне жетпейді. 24-30 сәуір аралығында Сатурн өзінің бағытын өзгертеді. Кейін екеуіне Кетто планетасының энергиясы қосылады. Осының арқасында адамдар тазаланып, көптен қиындықты артта қалдырады", - дейді астролог.


Жақынымыздан мәңгіге айырылып қалуымыз мүмкін


Әрі қарай Ирина Абдраимова сәуір айында адамзаттың болашағын түбегейлі өзгертетін оқиғалар болатынын атап өтті. Осы кезде өзіміздің өткен өмірімізге көз жүгіртетін боламыз.


Біреулер жеке басындағы қиындықты шешсе, енді екіншілері ата-анасының мәселесімен жүреді. Өкінішке орай, осы өткен өміріміздегі қиындықтарды шешпейінше, қазіргі сәтте айтарлықтай жетістікке жете алмаймыз.


"Бұл ай жаңа энергиямен толығатындықтан, жаңа бастамалар үшін таптырмас уақыт болып отыр. Десе де, 11-15 сәуір аралығында ажырасу мен ауру көп болатындықтан, сақ болуға кеңес беремін. Тіпті, жақын адамымыздан мәңгілікке көз жазып қалуымыз мүмкін. Бұдан өзге көктемнің екінші айында адамдар өзін іштей жегідей жеп, депрессияға түседі. Жастарға ішкі жан дүниесімен көп жұмыс істеуге тура келеді", - дейді Ирина Абдраимова.


Астролог қандай жағдай болсын, жылдам нәтиже күтудің қажеті жоқ екенін айтып өтті. Мұнымен қатар, бастықпен ұрыспас бұрын сан рет ойлануға және ешбір іске ақша салмай қоя тұруға кеңес берді.


 Sputnik




Көрілген: 1382    Пікірлер: 0

сенбі, 30.03.2019, 22:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Шілде, 22:45
    Өзіңді дамыту
    16 Маусым, 20:02
    Ақша үнемдеудің 5 жолы
    3 Мамыр, 20:09
    ӨМІРДІҢ 30 ҚАҒИДАСЫ
    28 Сәуір, 19:29
    Қарыз беру керек пе?
    22 Сәуір, 21:36
    Тағылымы мол 5 оқиға
    20 Сәуір, 17:45
    Қыздан да артық...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31