Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қазақстандықтарға 42500 теңге тағы төлене ме?

  • Қазақстандықтарға 42500 теңге тағы төлене ме?

    Қазақстандықтарға 42500 теңге тағы төлене ме?

 Елде эпидемологиялық жағдайдың нашарлауына және қызметкерлерді "қашықтықтан жұмыс істеу" режиміне көшіруге байланысты 42 500 теңге қайта төлене ме? Бұл сауалға Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұрымбетовтің сөзінше, төтенше жағдай режимі кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға төленген 42 500 теңге енді берілмейді. Бұл туралы министр Хабар 24 арнасындағы онлайн брифинг барысында мәлімдеді. "Енді 42 500 теңге әлеуметтік көмек төленбейді. Оны жоспарлап та отырған жоқпыз", - деді Нұрымбетов. Министрдің айтуынша, төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге төлеуге біраз қаражат жұмсалған. Жалпы қаржы бюджеттен емес, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінді. Ол бұл жұмыстардың барысында еңбек министрлігіне Ұлттық банк көмек көрсеткенін тілге тиек етті. "Бұл тұрғыда бізге Ұлттық банк көп көмегін көрсетті. Ол қор активтерін сату, қаржы құралдарын жабу арқылы қажетті ақша қаражатын босатып берді. Соның арқасында мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры 322 млрд теңге активін жұмсап, 4 млн 607 мың адам 42 500 теңгеден алды.

Сол себепті бүгінгі күні мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық мүмкіндігі шектеліп отыр. Егер жағдайға байланысты қандай да бір төлемдер жасау қажеттілігі туындап жататын болса, онда басқа қаржы көздері табылып қалар", - дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі. Еске сала кетсек, бұған дейін Біржан Нұрымбетов 11 мамырдан бастап 42500 теңгеге әлеуметтіктөлемді алуға өтініш беру тоқтатылғанын мәлім еткен.

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 994    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.06.2020, 19:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31