Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қазақстаннан көшіп кеткен азаматтар зейнетақы төлемін қалай шешіп алады

  • Қазақстаннан көшіп кеткен азаматтар зейнетақы төлемін қалай шешіп алады

    Қазақстаннан көшіп кеткен азаматтар зейнетақы төлемін қалай шешіп алады

Қазақстаннан көшіп кеткен азаматтар зейнетақы жинағын шешіп алу үшін елдегі соңғы тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшесіне немесе халықтың көші-қон саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган ретінде ішкі істер министрлігіне жүгіну қажет. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды. 

Елден тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін алу үшін мыналар қажет: Заңда белгіленген тәртіппен тұрақты тұруға кетуді рәсімдеу; БЖЗҚ-ға құжаттар топтамасын тапсыру. Шетелге тұрақты тұру үшін кетуге рұқсатты рәсімдеу кететін азаматтың Қазақстан аумағында орындалмаған міндеттемелердің жоқтығын растау үшін қажет. Өтініш берушіде "Жеке тұлғалар" Мемлекеттік деректер базасында "Қазақстан аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты Қазақстанның уәкілетті органы берген құжаттардың жарамсыздығы туралы" мәліметтер болған жағдайда ғана БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін жүргізуге құқылы.

Мұндай жағдайларда зейнетақы жинақтарын төлеу 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. "Егер кететін азамат алдымен басқа елдің азаматтығын рәсімдеп, содан кейін Қазақстан консулдығына Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен жеке куәлігін тапсырса, онда "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасына "Азаматтығынан айырылуына байланысты Қазақстан уәкілетті органы берген құжаттардың жарамсыздығы туралы" мәліметтер енгізілетін болады. Алайда мұндай белгімен БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асыруға құқылы емес. Қазақстан аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемге өтінішті орындаудан бас тартуды болдырмау үшін, ең алдымен, белгіленген тәртіппен шығуды ресімдеу керек және осыдан кейін ғана басқа елдің азаматтығын рәсімдеу қажет", - делінген Бірыңғай зейнетақы қорының хабарламасында. 




Көрілген: 1793    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.02.2021, 00:49

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30