Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстанның тумасы «Миланда» ойнап жүр

22 қаңтар 2011, 10:23

Қазақстанда дүниеге келген футболшының бүгінде Италияның «Милан» футбол клубында өнер көрсетіп жүргенін естідім. Ол кім? Неге оны федерация басшылары Қазақстан ұлттық құрамасына шақырмайды?
Бауыржан Исмаилов,
Тараз қаласы
Бүгінде «Милан» сапында 52-нө­мірде Алексан­др Меркель атты жар­тылай қорғаушы өнер көрсетіп жүр. 18 жастағы футболшы 6 жасы­на дейін ата-ана­сымен бірге Қа­зақстанда тұрған. Шығыс Қазақстан облысының Первомайский деген елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі де футболшы болып, Алматы­ның «Қайратының» жейдесін киген. Бірақ 1998 жылы тарихи отаны Гер­манияға көшіп кетіп, «Штутгарт» фут­бол мектебінде жаттығады. Сонда жүріп Германияның 15 жасқа дейінгі құра­мына шақырылады. Ал 2008 жылы 16 жасында Италияның «Миланы» құда түсіп, Меркель Аппенин түбегіне ауысады.
Ал енді «неге Қазақстан ұлттық құра­масына шақырылмайды?» деген сұраққа келсек, бұған «сары-көк жей­демізді киюге Меркельдің өзінің құлқы жоқ» деп жауап беруге болатын шы­ғар. Өзі­нің сұхбаттарында: «Иә, мен Қазақстанда дүниеге келдім. Герма­нияда жетілдім. Бірақ арманым – Ресей құрамасында ойнау, өйткені бойым­да орыстың қаны бар», – деп айтып жүр. Айтпақшы, «Милан­ның» соңғы ойынында негізгі құрамда алаңға шыққан Қазақстанның тумасы гол соғып, командасының жеңіске жетуіне сүбелі үлес қосқан болатын.