Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақтан шыққан Дума депутаттары кімдер?

12 желтоқсан 2012, 12:41

1905 жылы Ресей Мемлекеттік Думасының құрылуы еліміздегі бұқараның саяси сана-сезімінің өсуіне ықпал еткенін білеміз. Сол алғашқы Ресей Мемлекеттік Думасына депутат болып сайланған қазақ зиялылары кімдер?
Бекзат Жұмаш,
Алматы облысы
1905 жылдың тамызында II Николай патша заң шығарушы өкілетті орган ретінде Мемлекеттік Дума құру туралы манифеске қол қойды. Бірақ ол манифест бойынша, қазақ халқының сайлауға және сайлануға құқығы жоқ болатын. Бұл жайт қазақтардың арасында наразылық туғызып, қазақ зиялылары өз өкілдерін депутаттыққа сайлау керектігі жөнінде батыл талап қоя білді. Соның нәтижесінде 1906 жылғы I Мемлекеттік Думаға қа­зақ­тардан Торғай облысынан – Ахмет Бірімжанов, Уфа губерниясынан – Сәлімгерей Жантөре, Орал облысынан – Алпысбай Қалменұлы, Астра­хань губерниясынан – Бақтыгерей Құлманов, Ақ­мола облысынан – Шәймерден Қосшығұлұлы, Се­мей облысынан Әлихан Бөкейхановтар сайлан­ды. Бірақ Ресейдің I Мемлекеттік Думасы небәрі 73-ақ күн жұмыс істеді. Артынша, 1907 жылы II Мем­лекеттік Думасы жасақталғанымен, ол Ду­маның да қызметі ұзаққа созылмай, небәрі 104 күн ғана жұмыс жасады.