КЕДЕЙЛІК ПСИХОЛОГИЯНЫҢ 13 БЕЛГІСІ

КЕДЕЙЛІК ПСИХОЛОГИЯНЫҢ 13 БЕЛГІСІ

Он екі жыл психиатр болған тәжірибеме сүйеніп мен кедейлерге тән 13 нашар әдетті байқадым. Кедей адамдар бұл әрекеттерді жиі қайталайды. Алайда, кейде дарынды адамдардың кедейлерге еліктеп, өздері кедей болып қалып жататыны да өкінішті. Мен сіздерге өз бақылауымды бөліскім келеді. Өзіңіз де тексеріп көріңіз.
1-ӘДЕТ: Кінәлі біреуді іздеу - Кедейлер жауапкершілікті өзіне алуды ұнатпайды. Өзінің сәтсіздігі үшін әріптесін, бастығын немесе жүйені кінәлайды. «Егер олар болмаса, мен сәттілікке жетер едім» немесе «Бәрі маған кедергі келтіруде, мен ештеңе істей алмаймын» т.с.с ызыңдайды.
2-ӘДЕТ: Уақытты жоғалтады- Бізге кішкентай кезімізден «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деп үйреткен. Уақыт өтіп жатыр, бірақ сіз әлі өлшеп біткен жоқсыз. Ақыр соңында, алдыңызға басқа біреу келіп, сіздің бөлігіңізді кесіп тастап кетеді.
Алғашқы қадамды жасаудан қорықпайтын, өз идеяларын жүзеге асыруға және тәуекелге батылы барлар ғана жеңеді. Ойлау қабілеті төмен адам уақытты босқа өткізіп, қолын жұмып отырғанын басқалардан көреді.
3-ӘДЕТ: Тәуекелі жоқ - кедей адамдар тәуекелге баруды ұнатпайды. Олар аз болса да тұрақты табыспен жүруді артық көреді. Нәтижесінде, олар жалақыдан жалақы арасында ғана өмір сүреді.
4-ӘДЕТ: Тегін оқығысы келеді - кедейлер көптеген тегін тренингтер мен семинарларға қатысуға ниет білдірді. Бірақ көпшілігіне барып қатыспайды.
Осылайша, сыртынан қарағанда үнемі үйреніп жүрген тәрізді көрінгенімен іс жүзінде ол дамымайды. Ақысыз ірімшік деген болмайды ғой...
Табысты кәсіпкер болу үшін сіз ұстаздармен бетпе-бет кездесіп, мақсатыңызға жетуге нақты жоспар құрыңыз. Тренингтің құны болашақ табыстың көрсеткіші ғана емес, сонымен бірге сіздің ынта-жігеріңіз бен батылдығыңыздың мәні болып табылады.
5-ӘДЕТ: Өзгенің еңбегін бағаламайды - Кедей адам басқалардың еңбегімен өмір сүреді. Егер ән, фильм немесе бағдарламалар орнатқысы келсе, оны торренттен тегін жүктейді. Оның өмірлік философиясы - қымбат заттар мен қызметтерді ақысыз алудың жолын іздеу. Мысалы, кедейлер үшін жасалған торренттер және ұрлық жасайтын сайттары оның өмірін едәуір жеңілдетеді. Қымбат өнімді ақысыз жүктеу оны ұрлаумен бірдей. Өзгелердің интеллектуалды еңбегін ұрлау тек ғана кедейшілікте өмір сүруге итермелейді.
6-ӘДЕТ: Өзін-өзі аяушылық - Кей адамдар мәселенің түп-тамыры қоршаған ортада деп сеніп қалған. Өзі тұрған мемлекетті, немесе қаланы ұнатпау немесе кедей отбасынан шығу сияқты мысалдар кедей адамдардың өзін-өзі аяуға себеп бола алмайды. Жалпы аяушылық тудыру арқылы дәулетті боламын деу жалған қиял болмақ.
7-ӘДЕТ: Шағымдану және өкпелеу - ақшаның жетіспеуі депрессияны тудыратыны жасырын емес.
Бай адам кез-келген сәтсіздікті мақсатқа жету үшін белсенділікпен жеңу керек деп ойлайды. Ол өзінің тағдырына қайғырмайды. Әрине, кейде саған біреулердің аяушылығын туғызу үшін барлық жағдайдың бәрін айтқың келетін кез болады. Бірақ бұлай ету ештеңені өзгертпейді және әмияныңыздағы ақша көбеймейді.
8-ӘДЕТ: «Адамдар не дейді?»,-деп ойлау - Табысты адам өзін-өзі бағалай алады және басқалардың пікірінен тәуелсіз өмір сүреді.
Ал кедейлер өз уақыттарын және күш-жігерінің көп бөлігін өзгенің көзіне қалай көрінетініне алаңдап, имиджін жоғалтпауға тырысады. Өзін мықты және табысты біреумен салыстырып, көңілі түсіп кетеді. Содан кейін ол қайтадан ызыңдай бастайды.
9-ӘДЕТ: Ақшаны ысырап ету - кедейлерде қаржылық стратегия жоқ. Оның мақсаты - ақша табу, содан кейін оны жұмсау. Ал байлар тапқан ақшасын инвестицияға салып, өсіруді ойлайды.
«Ақшам болмаса қалай инвестициялаймын?»,-деп ойлау ақымақтық. Өйткен болашақ туралы ойламағандықтан сізде ақша жоқ.
Бай адам деп - көп ақша табатын адамды емес, өз ақшасын ақылмен жұмсай алатын адамды айтады.
10-ӘДЕТ: Уақытша табыс тапқысы келеді - кедейлер жаңа нәрселер білгісі, және болашақ үшін жұмыс жасағысы келмейді. Олар дәл қазір, тек осы кез үшін ақша тапқысы келеді. Бұл жасампаздық емес, тұтынушылық ойлау. Олар мүмкіндігінше аз күш жұмсап, қолма-қол көп ақша тапқысы келеді.
11-ӘДЕТ: Өзіне ұнамайтын жұмысты істеу - кедейлерге ұнамайтын жұмыс істеуіне мың себеп бар. Ол жұманың тез болуын армандайды, және күн сайын таңертең бастығына қарғыс айтып жұмысқа шығады. Оның сүйікті ісімен айналысуға батылы жетпейді. Осылайша, ештеңені өзгертпестен, қартайып, зейнетке шығады.
12-ӘДЕТ: Уақытты ысырап ету - Кедей адам: «Уақытымды қалай өткіземін?»,-деп қынжылады. Бұл жағымсыз сұрақтың жауабын: «Мен өз уақытымды қалай тиімді өткіземін?»,-деп өзгерту керек!
Барлығы сіздің уақытыңызды қалай өткізетіндігіңізге байланысты - кедейлер өз уақыттарын ысыраптайды, ал байлар өз уақыттарын тиімді пайдаланады және көп байлық жасайды.
13-ӘДЕТ: Басқалардың өмірімен өмір сүру - Кедейлердің санасында бір қателік бар. Бұл басқалардың өмірін өзіне бейнелеу арқылы өмір сүру. Түрлі фильмдер сериясы, фантастикалық кітап немесе Голливуд жұлдыздарының өмірі сияқты. Кедей адамдар өзгенің өміріндегі оқиғалармен тыныстап, өзгенің жетістігінің көлеңкесінде қалып, бос әлемде өмір сүреді.
Оның орнына өз тағдырыңызды құрып, қорқынышыңызды жеңіп, бәрін басынан бастаңыз! Жоғарыдағы әдеттердің кейбірі өзіңізге қатысты екенін байқасаңыз, көңіліңіз қалмасын. Керісінше, қандай әдетіңізді өзгерту керек екенін білгеніңізге қуаныңыз.
Батыл қадам жасауыңызға түрткі болады деп үміттенемін . Іске сәт!
Амантай Тойшыбайұлы.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста