Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Келісімшартсыз жұмыс істеуге бола ма?

17 қаңтар 2011, 16:46

Мен сырттай білім алып жатқан студентпін. Жеке кәсіпорында жұмыс іс­теймін. Бірақ жұмыс беруші менімен келісімшарт жасаған емес, тек ай­лы­ғым­ды уақтылы төлеп тұр. Мен биыл жазда ақысы төленетін еңбек де­ма­лы­сы­на шыға аламын ба?
Маржан КҮМІСБАЕВА,
Алматы қаласы
Бұл сұраққа ҚР Еңбек жә­не ха­лықты әлеуметтік қор­­ғ­ау ми­нистрлігі Бақылау жә­не әлеу­­меттік қор­ғау ко­ми­теті­нің инс­пектор­ла­ры жа­уап бе­­ре­ді:
– Сізге міндетті түрде жұмыс бе­­ру­шімен ке­лі­сімшартқа оты­­ру қа­жет. Мұн­сыз еңбек жағ­­да­­йы­на қа­тысты сіз бен жұ­­мыс берушінің өзара қа­ты­на­сы, тіпті сіздің ол жер­де жұмыс істеуіңіз заң­сыз бо­­лып есептеледі. ҚР Ең­бек кодексінің 112-ба­бы­на сәй­кес республика кө­ле­мін­де орта арнаулы не жо­ғ­а­­­ры білім алып жатқан жұ­мыс­­шылар­ға ем­тихан жә­не сынақ тапсыру немесе ди­п­лом жұ­мысын қорғау, іс-тәжірибеден өту мен зерт­теу жүр­гізу үшін еңбек де­малысы тағайындалады. Оған төленетін ақы ең­бек және ұжымдық ке­лі­сім­­шарт та­лап­та­ры­на сәйкес бекітіледі. Бұдан бас­қа талаптар, атап айтқанда, еңбек демалысын ке­лісімшартсыз тағайындау заңнамаларда қа­рас­тырылмаған.