Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Кеңес беру ежелгі ойшылдарымыздан бастау алады

22 қараша 2012, 14:39

Қазақстандағы саяси консалтинг нары­ғы­ның қайнар көзін ежелгі ойшылдардан бас­таған дұрыс па?
Әлихан,
Алматы қаласы
Жалпы, консалтинг (ағыл. consulting) ұғы­­мының аудармасы кеңес беру дегенді білдіреді. Қазақ халқының өз заманының ой­шылдары дүниенің, болмыстың, өмір­дің, адамның жай-күйін жете түсінуге ұм­тылып, нақты өмірден бастау алатын қа­зақ­тың философиялық көзқарастар ар­қылы саяси пайымдар жасап отырған. Осын­дай қоғамдық қатынастар туралы көп­теген тұжырымдамалар кеңес беру­шілік сипатқа ие. Ал кеңес берудің ас­та­рында саяси консалтинг технологияларын қол­дану элементтері жатқаны сөзсіз. Кей­бір ғалымдар ең алғашқы кеңесшілік қызмет қытай философы Конфуцийден бас­талған дейді. Біз бұдан ежелгі дүние­дегі саяси кеңес беруде философтар, ше­шендер мен абыздардың рөлі ерекше болғанын аңғарамыз. Сондықтан да Қа­зақ­стандағы саяси консалтинг нарығының қай­нар көзін ертедегі билер немесе ақ­сақалдар кеңесінен бастау алады деп тү­сін­геніміз жөн.