Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Кеңсе қызметкеріне жан мен тән саулығына арналған кеңес....

15 қараша 2018, 13:37

Күніне 5 шақырымдай жаяу жүруге дағдыланыңыз. Келе жатып,миды шаршататындай ешнәрсе ойламауға тырысыңыз. Жәй ғана айналадағы өмірді бақылаңыз. Әсіресе жүзізнен қуаныштың ізі байқалатын жандарға назар аударыңыз. Солайша миыңыз демалады және де бұлшықеттеріңізде қалпына келеді. Жүрген кезде омыртқаға салмақ аз түсіп, қанайналымы жақсарады. Компьютер алдында көп отыратын адам үшін ең бірінші көзіне омыртқасына және білегіне ауыртпалық келеді.Осы дене мүшесіне көбірек көңіл бөлгеніңіз абзал.

Компьютердің алдында күніне 5-6 сағат отырған абзал. Әрбір 40 минут сайын көздеріңізді демалдырап отырыңыз. Орныңыздан тұрып біраз тынығып алыңыз. Біріншіден орындықта дұрыс отыруды үйреніп алғанымыз абзал. Аяқтарымыз бен қолдарымыз 90 градуста,ал отырған омыртқамыз орындықтан 20 градуста орналасуы тиіс.

Білек пен саусақтар шаршамас үшін оларды үстелдің үстіне қойыңыз.Осы ережелерді сақтамасаңыз жүйкеңізге зақым келеді. Бастың ауруы да дұрыс отырмағаныңызға байланысты. Мойындарыңызды, иықтарыңыздан оңға солға бұрып жаттығулар жасаңыз. Міне қарапайым жаттығулар арқылы денсаулығыңызды қалыптастыра аласыз. Ең бастысы жұмысқа беріліп, бірінші байлық денсаулық екенін ұмытпаңыз.

дереккөзі: "ПТ" топтамасынан

reactor.inform.kz