Сұрақ-Жауап. Кеңес

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында қандай қызметтерді алуға болады

  • Кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында қандай қызметтерді алуға болады

    Кепілдендірілген тегін медициналық көмек аясында қандай қызметтерді алуға болады

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі жобалық кеңсесінің маманы Алина Әлбекова қазақстандықтар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында қандай қызмет түрлерін ала алатыны туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында әлеуметтік-экономикалық және психологиялық-әлеуметтік жағдайларға байланысты адамның денсаулығына айтарлықтай қауіп төнген жағдайда медициналық-әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында жүкті әйелдер мен 18 жасқа дейінгі балаларға медициналық-генетикалық кеңес беру, психоактивті заттарға медициналық куәландырудан өту және медициналық-әлеуметтік сараптама үшін құжаттар тегін беріледі», - деді Алина Әлбекова онлайн дәріс барысында. Оның айтуынша, МӘМС жүйесі енгізілгеніне қарамастан, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көрсетілетін консультативті-диагностикалық қызмет түрлері көп. «Көбі барлық медициналық талдау жұмысы МӘМС-ке кіргізілгенін айтады. Шын мәнінде, олай емес. МӘМС жүйесі енгізілгеніне қарамастан, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында көрсетілетін консультативті-диагностикалық қызмет түрлері көп. Зертханалық зерттеу жұмыстарының, диагностикалық зерттеулердің басым бөлігі тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында жүзеге асырылады. Мысал ретінде қанның биохимиялық талдауын айтуға болады. Бұл талдау арқылы бауыр, бүйрек, ұйқы безі, өт қабының қалай жұмыс істеп тұрғанын анықтап, қандай микроэлементтерді қажет ететінін анықтауға болады», - дейді маман. Сондай-ақ, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында флюорография, спирография сияқты зерттеу әдістерін қоладнуға болады.
ҚазАқпарат




Көрілген: 586    Пікірлер: 0

жұма, 23.10.2020, 00:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30