Сұрақ-Жауап. Кеңес

Кесарь отасы, белге екпе салып босанудың кесірі: Бала не себепті кекеш болады немесе тілі кеш шығады?

  • Кесарь отасы, белге екпе салып босанудың кесірі: Бала не себепті кекеш болады немесе тілі кеш шығады?

    Кесарь отасы, белге екпе салып босанудың кесірі: Бала не себепті кекеш болады немесе тілі кеш шығады?

Халқымыз баланың тілі шыққанда қатты қуанатыны белгілі. Оның сөйлегенін қызықтап, сүйсінеді. Бірақ соңғы жылдары көптеген отбасыларда кішкентайлары кеш сөйлеп жатқанын байқауға болады. Бұл үрдісті логопедтер де растап отыр.

Мамандардан балақайлардың кеш сөйлеуіне не себеп деп сұраған едік. Олар бірнеше факторды атап берді.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеп хабарлайды.
Тілдің кеш шығу проблемасын Самал Тәуекелова бір адамдай біледі. Келіншектің кіші ұлы үш жасқа дейін әріптерді дұрыс айтпай, сөйлем құрай алмапты. Баласының болашағы үшін алаңдаған азаматша логопедке жүгіндім дейді.

"Балам үшке толғанда тілі дұрыс шықпағанын байқадық. Дереу оны жеке логопедке көрсеттік. Бірақ көмегі аз болды. Кейіннен мемлекеттік мекемедегі маманға жүгіндік. Бір қызығы, сол кісімен балам жақсы нәтижеге қол жеткізді. Қазір жетідегі балам еркін сөйлейді. Мен негізі оған ретсіз смартфон ұстауына, еркін теледидар көруді рұқсат етпегенмін. Сондықтан баламның тілі неліктен кеш шыққанын білмеймін", - деді қала тұрғыны Самал Тәуекелова. 

Логопед Бақытгүл Нұриддинова баланың тіліндегі мүкістігі, кекештенуі, ойын жеткізе алмау проблемалары жатырда жатқан кезде қалыптасуы мүмкін дейді. Өкінішке қарай, маман соңғы 5-6 жылда осындай жайттар көбейгенін де алға тартады.

"Баланың басын патологиялық тұрғыдан тексердік. Ешқандай ауытқуы жоқ, бірақ баланың тілі кеш шығуына оның анасының кіндігіне оралуы, кесарь отасымен босану, белге екпе салып немесе вакуммен босануы себеп болуы мүмкін. Демек босану кезіндегі жарақат деп аталады", - деді жеке логопед Бақытгүл Нұриддинова. 

Маман баланың дамуының тежелуі бір жасқа жеткенде де байқауға болатынын айтады.

"Бала, негізі, шыр етіп дүниеге келгеннен бастап оның жылауы - тілдің дамуы. Ал енді бір жастың өзінде "ана", "әке", "бер", "ішем" деуі керек. Ал толыққанды үш жасында дамуы керек. Осы жаста өз ойын еркін айтып, қиын сөздерге дейін айта білу керек", - деді логопед Бақытгүл Нұриддинова. 

Өзге логопед Күлжамила Кәрімқызы тілдің кеш шығуына өзге де себеп бар екенін айтады. Соның ішінде экология, балақайдың дұрыс тамақтанбауы да бар.

"11 айлық бала 5-10 сөз айта алуы керек. 1 жаста аяғымен 2 жастың аяғында балада - 200-400 сөздің ортасында болу керек. 3 жастың аяғында балада -1000- ға дейін сөз болу керек. 5 жаста - 2000 сөз болуға тиісті. Ал 6 жасқа келген балада - 4000-5000-6000-ға дейін сөз айта алуы керек", - деді логопед Күлжамила Кәрімқызы.

Ал енді ата-ана ұл-қызының тілі дер кезінде шығуы үшін не істеуі керек? Мамандар көбірек баламен сөйлесуге кеңес береді. Сонымен қатар, қатарластырмен көбірек ойнатқан жөн дейді. Ал телефон мен компьютер жайын айтпасақ та түсінікті. Жалпы, қазақ халқы ұрпағына тек туылғанда емес, жатырға біткен бойдан ден қойған дейді қоғам белсендісі.

"Балдай тәтті баланың тілінің ертерек шыққанын кім қаламайды? Сондықтан баламенен тек туғаннан емес, бала ішке біткеннен әр ана баласы үшін әрекет жасауы керек. Барынша әдемі шығармалар оқып, тың әуендер тыңдап, көбірек сөйлессе, ол бала дарынды қабілетті болыр тууға мүкіндігі бар", - деді қоғам белсендісі. 

Өкінішке қарай, бүгінде ел ішінде тілі шықпаған, сөйлеу кезінде қиындыққа тап болған балалар статистикасы жоқ. Көбіне ата-ана өз бетінше емдеуге тырысады. Ал кейде осындай бауыр етін өзгеге көрсетуден ұялады. Бірақ логопедтер кешігіп көмек сұраған баланың болашағына балта шабуы мүмкін дейді. Сондықтан ештеңені жасырмай, мамандарға тез хабарласқан жөн.




Көрілген: 3427    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.12.2020, 22:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31