Кей телефонда Google ашылмайтын болады

03 тамыз 2021, 09:24

Google компаниясы ескі Android-та жұмыста істейтін телефон мен планшет аккаунттары үшін сервис қолжетімді болмайтынын хабарлады, деп жазады 9to5google.

 

Портал ақпаратына сәйкес, бұл 27 қыркүйектен бастап қолға алынады.

 

Жаңа шектеулер Gmail, YouTube және Карталар қосымшаларына қатысты. Ескі смартфон қолданушылары сервистердің тек веб-версиясына ғана жүгіне алады.

 

Олардың қатарына Android 1.0, 1.1, 1.5 Cupcake, 1.6 Donut, 2.0 Eclair, 2.2 Froyo және 2.3 Gingerbread базасында жұмыс істейтін гаджеттер енген. Заманауи нұсқасы (2.3.7) 2011 жылдың қыркүйегінде шығарылған.

 

Google бұл қолданушылар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді. Ескі телефон иелерінде жаңа смартфон алудан басқа амал жоқ.

 

 

 

sputnik.kz