Сұрақ-Жауап. Кеңес

Кімдерге құрма жеуге болмайды?

  • http://old.aikyn.kz/

    http://old.aikyn.kz/

Бүйрегінде тасы бар және ұйқы безінің ауруына шалдыққан адамдарға құрма жеуге болмайды.


Нутрициолог, диетолог Наталья Прохорованың айтуынша, құрманың құнарлылығы жоғары, деп жазады vm.ru.


"Диабетпен ауыратындарға құрманы көп жемеген дұрыс, өйткені ол айтарлықтай тәтті, тәулігіне біреуін ғана жеуге болады. Дені сау адамдар күніне екі-үш құрма жей алады. Бұдан артық жеуге болмайды, өйткені оның құрамында жеңіл көмірсулар бар", - дейді Прохорова.

Диетолог, фитотерапевт, нутрициолог Анжелика Дювальдың сөзіне қарағанда, құрманың құрамында микроэлементтер мен дәрумендер, әсіресе А, С және В көп. Ал бұл витаминдер адамға күзде көп керек, олар иммунитет пен жүйке жүйесінің жұмысын реттеп, ағзаны түрлі инфекциядан қорғайды.


Дюваль құрманы аптасына екі-үш рет жеуге кеңес берді. Айтуынша, мұздатылған құрма пайдалы дәрумендерін сақтайды, бірақ оны екінші рет мұздатудың қажеті жоқ.


"Құрманың құрамындағы йод пен темір өте пайдалы, олар адамның ағзасына жылдың кез келген мезгілінде қажет. Әсіресе, анемиямен ауыратын адамдар құрма жеу керек. Ол қышқыл емес, сондықтан асқазан жарасы кезінде жеуге болады. Құрманың антибактериялық қасиеті де бар", — деп атап өтті диетолог.


Құрманы асқазан-ішек жолдары ауруларына шадыққан адамдар жей алады. Сондай-ақ ол жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларына да пайдалы.


 sputnik




Көрілген: 909    Пікірлер: 0

жұма, 08.11.2019, 12:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қараша, 12:31
    Қант диабеті
    23 Қазан, 10:52
    Ақша туралы 15 факт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30