Сұрақ-Жауап. Кеңес

Кофені қай уақытта ішуге болмайды – дәрігер кеңесі

  • Кофені қай уақытта ішуге болмайды –  дәрігер кеңесі

    Кофені қай уақытта ішуге болмайды – дәрігер кеңесі

Сергіп алу үшін таңертең аш қарынға кофе ішетіндердің асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары асқынып кетуі мүмкін
Ресейлік эндокринолог, нутрициолог, диетолог Алексей Калинчев таңертең аш қарынға кофе ішуге болмайтынын айтты. 

Мұндай кезде асқазан-ішек жолдарының созылмалы аурулары, мысалы, гастрит, ұйқы безі қабынып (панкреатит), асқазан жарасы асқынуы мүмкін.

"Іс жүзінде бізде бұл аурулар бар, олар белгілі бір кезеңде тұр. Олар мектеп, студенттік жылдардан бастап ауру бетінің қайтуы (ремиссия) жағдайында болуы мүмкін", - деді Алексей Калинчев Sputnik радиосына берген сұхбатында.
Маман аш қарынға кофе ішуді дұрыс тамақтанбаумен байланыстырады. Таңертең адам өзінің аш екенін сезінбейді және тамақтанғысы келмейді. Сергіп алу үшін кофе ішеді.

Диетологтың айтуынша, тамақтанғаннан кейін кофені кез келген нәрсемен ішуге болады. Мұндай жағдайда кофеге сүт қосылып-қосылмағаны маңызды емес.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар ұзақ өмір сүру үшін қанша уақыт ұйықтау қажет екенін анықтады 

Сондай-ақ, маман кофені десертпен бірге ішуге болатынын айтты, алайда тәттіні де көп жеудің қажеті жоқ.

"Кофені тәттімен бірге ішуден семіздік пайда болмайды. Кофесүйер қауым әдетте күніне бірнеше кесе кофе ішеді. Десертті барлығы қатар жей бермейді. Мұны ұнататындар саны көп емес. Тойып тамақтанғаннан кейін тәттіні кей адамдар ғана жейді, ересектер бұлай істемейді", - деді Калинчев.

Дәрігер кофенің үнемі сергіте бермейтінін, кейде кері әсер ететінін де атап өтті.
 
 




Көрілген: 1811    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.11.2020, 11:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қаңтар, 14:28
    Құлақ неге шулайды?
    11 Қаңтар, 22:41
    ЭЦҚ мерзімін ұзарту
    5 Қаңтар, 16:51
    IBAN дегеніміз не?
    27 Желтоқсан 2020
    ҚАЛАМПЫРДЫҢ ҚАСИЕТІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31