Сұрақ-Жауап. Кеңес

Көкөніс пен жемісті қандай сумен жуу керек - Бас санитар дәрігер

  • https://glavcom.ua/

    https://glavcom.ua/

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова коронавирус инфекциясының азық-түлік арқылы жұғу қаупі жайында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Дәл қазір инфекцияны ауыз арқылы жұқтыруға қатысты нақты мәлімет жоқ. Дегенмен, жаз болғасын ішек инфекциялары бар екенін ұмытпау қажет. Сондықтан жеке гигиенаны сақтап, жемісті де, көкөністі де жуып жеу керек, бірақ сабынды сумен емес", - деді Есмағамбетова онлайн брифингте.

 

Оның айтуынша, COVID-19 көбінесе ауа арқылы таралады. Алайда тауардың қаптамасында да инфекция болуы мүмкін. Әзірше, ондай жағдайлар тіркелмеген. Дегенмен, ғалымдар вирустың пластикте 72 сағат, ал қағаздың бетінде 24 сағатқа дейін сақталатынын жазып жүр.

 

"Коронавирустың азық-түлік қаптамасы арқылы жұғуы екіталай. Соған қарамастан, сақтық шараларын сақтау қажет. Тауарды қаптамамен сатып алсаңыз, оны алып тастаңыз. Мысалы, жеміс пен көкөністі ыстық сумен жуған дұрыс. Себебі вирус жоғары температураға шыдамайды", - деп түсіндірді Есмағамбетова.


 




Көрілген: 610    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.06.2020, 21:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31