Сұрақ-Жауап. Кеңес

Көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеткізуді ресімдеуге мүмкіндік беретін қызмет пайда болды

  • Көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеткізуді ресімдеуге мүмкіндік беретін қызмет пайда болды

    Көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеткізуді ресімдеуге мүмкіндік беретін қызмет пайда болды

Достар! eGov.kz порталында мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеткізуді ресімдеуге мүмкіндік беретін қызмет пайда болды. Бұл үшін қажетті деректерді, тұрғылықты мекенжайын көрсету және қызметке ақы төлеу жеткілікті. Осыдан кейін "Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ қызметкері мемлекеттік нөмір мен куәлікті үйге әкеледі.

«Электрондық үкімет» порталында «Көлік және коммуникациялар» бөлімінің «Автомобиль көлігі» бөлімшесінде жеткізуді ресімдеу үшін «МТНБ және КҚТК-ны үйге жеткізу» қызметін таңдап, авторизациядан өту және оған тапсырыс беру қажет.

Сонымен қатар, жаңа және алынатын МТНБ, КҚТК, мамандандырылған ХҚКО атауы мен толық мекенжайын көрсете отырып, барлық міндетті жолдарды толтыру керек. Осыдан кейін қызметке ақы төлеу және ЭЦҚ көмегімен не болмаса бір реттік смс-пароль арқылы сұрау салуға қол қою қажет (мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелу қажет).




Көрілген: 666    Пікірлер: 0

сейсенбі, 20.10.2020, 13:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31