Сұрақ-Жауап. Кеңес

Көлік ұрлығына жол бермеу үшін қандай ережелерге мән беру керек

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Биыл елімізде 1,3 мыңға жуық автокөлік ұрлаушы ұсталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Жыл басынан бері республика бойынша полиция қызметкерлері мың үш жүзге жуық автокөлік ұрлаушыны, оның ішінде топтың құрамында болған елуге жуық адамды ұстады», - деді ресми өкіл.

 

Оның айтуынша, Ішкі істер министрлігі қабылдаған шаралар жыл басынан бері ұрлық пен көлікті заңсыз иелену қылмыстары санын үштен бірге азайтуға мүмкіндік берді.

 

«Бірақ автомобиль ұрлығына жол бермеу үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Атап айтсақ, оталып тұрған автокөлікті ешқашан ашық қалдырмаңыз, түн кезінде автокөлікті гаражға немесе күзетілетін тұраққа қойыңыз. Сонымен қатар, қылмыскер көлікті тез иелене алмайтындай шара қолданыңыз, яғни ұрлыққа қарсы электрондық және механикалық құрылғылармен және GPS-маяктармен жабдықтаңыз», - деп кеңес берді Нұрділдә Ораз.

 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Шымкентте 11 көлікті ұрлаған күдікті ұсталды.

 

 

 




Көрілген: 3832    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.12.2020, 13:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31