Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қонаққа тартылатын бастың тісін неге қағады

  • Қонаққа тартылатын бастың тісін неге қағады

    Қонаққа тартылатын бастың тісін неге қағады

Бас тарту - сыйлы қонаққа, құдаға, қарияға көрсетілетін үлкен құрметтің бірі. Алайда оның дастархан басына келгенге дейін атқарылатын шаруасы бар. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы "мәртебелі мейманға ұсынылатын бастың тісін не үшін қағу керек?" деген сұраққа жауап іздеп көрді.

 

Қазақ халқында тісті қақпай алып келу өкпе, назды білдіреді.

Зейнеп Ахметованың "Бабалар аманаты" кітабында осы туралы жақсы мысал келтірілген.

"Қонақтар кеткен соң жаңалап шай жасап, енді өзіміз дастархан басына отырдық. Байқаймын атаның (Бауыржан Момышұлы) қабағы салыңқы. Бір кезде:

"Дастарханың толымды, астарың дәмді болды. Әсіресе "ұмытылған тамақ қой мыналар" деп әсіп пен сүт құйған өкпе оларға өте ұнады. Бірақ соның бәрін сен жіберген төрт қателік жуып кетті. Қонақтар оны байқады-байқамады дей алмаймын. Ал мен анық көрдім", – дегенде дымым ішіме түсіп, көзім қарауытып кетті. Бүріскенім соншалық: құрттай тесікке сыйып-ақ кетер едім.

"Ол не, папа?" – деп Бәкең әкесіне қарады. Бірақ ата маған қарап, маған арнап сөйледі:

"Біріншіден, есі дұрыс қазақтың әйелі қонаққа бас көтеріп кірмейді. Жаман-жақсы болсын басиең аман. Екінші қателігің – басты шүйде жағымен әкелгенің. Қой шүйдесі емес, тұмсығын алға беріп жүреді. Үшінші қателігің – қойдың тісін қақпай әкелгенің", - делінген шығармада.

Сондай-ақ, осы мысалда бастың тісі не үшін қағылу керек деген сұраққа тұшымды жауап беріледі.

"Бұл – ең алдымен, тазалық. Қой тісінің түбінде не жатқанын қайдан білесің?! Шөп жейтін, жем жейтін мал ғой. Содан кейін мұның екінші мағынасы бар. Қазір ұмытылған, көнекөздер болмаса, көпшілік біле бермейтін жағын да айтайын.

Қазақтар – талай нәрсені ым, тұспал, ишара арқылы білдірген текті халық. Соның бірі осы қағылмаған тіске байланысты. Сыйласып жүрген екі адамның біреуі әлденеге ренжіп, бірақ соны "сөз көбейер" деп айта алмай жүрсе, өзі ренжіп жүрген адамы үйіне келгенде етпен бірге алдына тісі қағылмаған басты қояды. Сонда бас ұстаған адам: "Ә-ә, мынаның ішінде маған деген бір қыжылы бар екен, тісін басып жүріпті-ау", - деп ұға қояды. Ары қарай реніштің түйінін шешіп, түсінісуге бет түзейді.

Ал төртінші қателігің – басты қасқаламай әкелгенің. Талайлар мұның мәнін ұқпайды. Ол – "төрт құбылаң тең болсын, маңдайың ашық болсын" деген ізгі тілек…", - деген Бауыржан Момышұлының сөзі "Бабалар аманаты" шығармасында келтірілген. 




Көрілген: 2208    Пікірлер: 0

сенбі, 16.05.2020, 23:53

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Сәуір, 12:16
    АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚТАР!
    16 Сәуір, 23:47
    1414 не үшін керек?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31