Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Көрермені ең көп Азиада бізде өтіп жатыр

02 ақпан 2011, 11:22

Азиаданың ашылу салтанатын Ресейдің кабельді телеарналарының бірінен тамашалап, мәз болдым. Жалпы, осы Азия ойындарын басқа да шетелдік телеарналар көрсетіп жатыр ма?
Талғат ӨТЕҒҰЛОВ,
Атырау қаласы
Азиаданы ұйымдастыру комитетінің ресми мә­ліметі бойынша, Қазақстанда өтіп жатқан Ақ Азиаданы әлемнің түкпір-түкпіріндегі кө­рер­­мендер тамашалай алады. Өйткені бұл спорт­тық сайыстарды дүниежүзінің 20-дан астам­ та­нымал телеарнасы трансляциялап отыр. Ай­талық, Қытайдың CCTV-5, Кореяның SBS, MBC, KBS, Жапонияның NTV, Катарда ор­на­­ласқан AL Jazeera, ТМД елдеріне ортақ RTR Pla­neta, RTR, Гон­конгтың Hong Kong Cable TV, Ма­лайзияның Astro-Supersports, Макаоның TDM арналарына жер шарының барлық тұ­сынан қосылуға бо­лады. Қазақстандық Сas­pio­net-тің де әлем бойын­ша көрермені көп. VII қысқы Азия ойын­дарынан оңаша телехабарлар тарату құқығы IEC in Sport компаниясына тие­сі­лі. Компания өкіл­дерінің мәліметінше, Ас­та­на мен Алматы қалаларында өтіп жатқан спорт бәсекесін әлем бойынша барлығы 500 мил­лионнан астам те­ле­көрермен тамашалай алады.