Сұрақ-Жауап. Кеңес

Коронавирус ақша мен телефон экранында қанша уақыт сақталады – ғалымдар зерттеу жасады

  • Коронавирус ақша мен телефон экранында қанша уақыт сақталады – ғалымдар зерттеу жасады

    Коронавирус ақша мен телефон экранында қанша уақыт сақталады – ғалымдар зерттеу жасады

Ғалымдардың айтуынша, коронавирусты жұқтыру жағынан смартфондардың экраны қауіпті нысандардың санатына жатады. Virology Journal басылымында сан алуан заттардың бетіне қонған коронавирустық инфекцияның қанша уақыт сақталатынына арналған зерттеу жарияланды, деп хабарлайды РИА Новости.

Австралиядағы аурулармен күрес жөніндегі орталықтың сарапшылары өткізген зерттеуге сәйкес, коронавирустық инфекция бөлме температурасында 28 күнге дейін сақталады.

Мамандар беті тегіс заттардың әлдеқайда қауіпті екенін де анықтады. Соның ішінде шыны (ұялы телефондардың экраны), қағаз және полимерлік банкноттар, сондай-ақ, тот баспайтын болат бар. 

"Дәл осы заттардың бетінде коронавирус 20 градустан жоғары температурада, шамамен, бір айдай сақталады. Одан кейін плюс 30 градуста &ndash үш апта, ал плюс 40 градус болған жағдайда ғана SARS-CoV-2 бірнеше тәулікке дейін жойылмайды", &ndash делінген зерттеу жұмысында.
Ғалымдардың айтуынша, коронавирусты жұқтыру жағынан смартфондардың экраны да өте қаупті. Себебі адамдар қолына дезинфекция жиі жасаса да, телефонның шынысын көп жағдайда зарарсыздандырмай жүре береді.

Айта кетейік, әлем бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың саны 37 миллионнан асты. Соңғы бір тәуліктің ішінде тағы 347 мың науқас анықталды.

Қазақстанда коронавирустық инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 108 831 науқасқа жетті. Олардың басым бөлігі жазылып шыққан.




Көрілген: 923    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.10.2020, 10:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31