Сұрақ-Жауап. Кеңес

Коронавирус жұқтырған жүкті әйелдің құрсағындағы сәбиіне вирус әсер ете ме?

  • © AP Photo / Teresa Crawford

    © AP Photo / Teresa Crawford

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ індетке шалдыққан жүкті әйелдің құрсағындағы сәбиінің жағдайы туралы айту әлі ерте дейді. Бұл туралы ол онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

"Қазір ол хаттамаға сәйкес ем алып жатыр. Сәбиінің жағдайы қандай болады деген сұраққа жауап беру өте қиын. Қазір анасының жағдайы қанағаттанарлық, оның емді қалай көтеретінін күту керек. Осыдан кейін анализ алынып, содан кейін бір нәрсе айтуға болады", - деді Ысқақ брифингте.

 

1995 жылғы жүкті қыз 29 жастағы күйеуімен бірге 25 наурызда Нью Йорктен Мәскеу арқылы ұшып келген. Келіншек жүктіліктің 21-22 аптасында. Ерлі-зайыпты бірден үй карантиніне орналастырылып, анализ алынды. Кейін әйелде құрғақ жөтел байқалып, провизорлық стационарға жатқызылған. Күйеуінде коронавирус анықталған жоқ. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

 

Соңғы деректер бойынша Қазақстанда 294 адам коронавирус жұқтырды. 20 адам сауығын шығып, бір әйел қайтыс болды.


 




Көрілген: 368    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.03.2020, 17:01

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 08:15
    Ерлер неден қорқады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30