Сұрақ-Жауап. Кеңес

Коронавирус жүйке жүйесіне әсер ете ме? - маман жауабы

  • Коронавирус жүйке жүйесіне әсер ете ме? - маман жауабы

    Коронавирус жүйке жүйесіне әсер ете ме? - маман жауабы

Қазіргі уақытта пандемия кезінде халықтың психикалық жай-күйінің өзгеруіне нақты баға беру ерте.

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде ҚР ДСМ «Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы» ШЖҚ РМК бөлімшесінің басшысы Бақытжан Нұралиев айтты - деп хабарлайды BAQ.KZ

Қазіргі уақытта пандемия кезінде халықтың психикалық жай-күйінің өзгеруіне нақты баға беру ерте. Аймақтық психикалық денсаулық орталығының жедел мәліметтері мен психологиялық көмек көрсету сайттарының жұмысынан психикалық ауытқулары бар адамдардың мамандандырылған көмекке жүгіну көрсеткіші өскенін байқауға болады. Мұндай алдын ала тұжырымдар халықаралық жарияланымдар, зерттеулермен де расталып отыр.

«Қызыл крест» жүргізген сауалнама нәтижесінде COVID-19 пандемиясының әр екінші адамның психикасына әсер еткені анықталған. Жеті елдегі респонденттердің жартысы (51%) COVID-19 пандемиясының психоденсаулығына кері әсерін тигізді деп мәлімдеген. Әлі де зерттеулер жүргізіліп жатыр. Халықаралық зерттеулер аяқталғаннан кейін қосымша тағы хабарлайтын боламыз, - деді ол.

Бақытжан Нұралиев брифинг барысында жүйке жүйесі ауруының ауыр түріне шалдыққан науқастарға коронавирустың қаншалықты әсер ететініне тоқталды.
Кез келген инфекцияның адамға әсері болатыны  белгілі. Ал, инфекцияның психоденсаулыққа қатты әсер етері анық. Жүйке жүйесі ауруына шалдыққандар вирус жұқтырса дене қызуы көтеріліп, миға қан жетіспеушілігі мен гипоксия асқынуы мүмкін, - деді ол.

Айсұлу МАМАНҚЫЗЫ




Көрілген: 516    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.10.2020, 19:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31