Сұрақ-Жауап. Кеңес

Коронавирус кезінде ішуге қауіпті дәрілер белгілі болды

  • Коронавирус кезінде ішуге қауіпті дәрілер белгілі болды

    Коронавирус кезінде ішуге қауіпті дәрілер белгілі болды

 Коронавирус кезінде қабынуға қарсы препараттарды қабылдау жағдайды ушықтыруы мүмкін. Бұл туралы өзінің Twitter-іне Францияның денсаулық сақтау министрі Оливье Веран жазды.
Оның айтуынша, ибупрофен мен кортизон аурудың барысын қиындатуы мүмкін. Дене қызуын түсіру үшін министр парацетамол қабылдауға кеңес берді.

«Егер сіз қабынуға қарсы препараттарды қабылдап жүрген болсаңыз немесе күмәндансаңыз, дәрігермен кеңескен жөн», - дейді ол.

14 наурызда Еуропа Парламентінің Президенті Дэвид Сассоли Еуропадағы COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуына байланысты дағдарысқа былай деп баға берді:

«Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан бері Еуропа мұндай дағдарысты бастан кешірмеген», - деді Сассоли.

Ол ЕО коронавируспен күресу және пандемияның экономикалық салдарларына қарсы тұру бойынша бірқатар шаралар қабылданғанын атап өтті. Оның пікірінше, бір де бір еуропалық үкімет бұл мәселені өз бетінше шеше алмайтын еді.

Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде коронавирустық инфекцияның 155 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Вирусты жұқтырғандар саны бойынша алғашқы ондыққа Еуропаның бес елі кіреді: Италия, Испания, Германия, Франция және ЕО-ға кірмейтін Швейцария.
 

kaz.caravan.kz

 




Көрілген: 343    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.03.2020, 22:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Ақпан, 16:49
    ҚАНДАЙ ӘЙЕЛ ЖАҚСЫ?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30