Сұрақ-Жауап. Кеңес

Коронавирус пен буын ауруының арасында қандай байланыс бар?

  • Коронавирус пен буын ауруының арасында қандай байланыс бар?

    Коронавирус пен буын ауруының арасында қандай байланыс бар?

Сарапшылар СOVID-19 жұқтырғаннан кейінгі асқынулар, оның ішінде ревматоидты артрит, аутоиммунды миозит немесе саусақ фалангтарының қабынуы дәл осы "дененің өзіне шабуылдауы" нәтижесінде болатынын айтты.

Америкалық ғалымдар коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарда кездесетін буындар мен бұлшықет ауырсынуына қатысты түсініктеме тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Солтүстік-Батыс университеті (Northwestern University) сайтына сілтеме жасап.

Университет ғалымдары Northwestern Medicine клиникалар желісі дәрігерлерімен 2020 жылғы мамырдан желтоқсанға дейін ретроспективті зерттеу жүргізген. Зерттеуге Чикагодағы солтүстік-батыс мемориалдық ауруханасындағы науқастар қатысты.

Компьютерлік (КТ), магнит-резонанстық томография (МРТ) және ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) көмегімен мамандар коронавирус инфекциясын жұқтырып жазылғанан кейінгі буындар мен бұлшықет ауырсынуы белгілері көбінесе ағзаның аутоиммундық реакциясымен байланысты екенін анықтады. Олардың пікірінше, коронавирус инфекциясы денені өз-өзіне шабуыл жасауға мәжбүрлейді.

"Біз коронавирус денені өз-өзіне шабуыл жасауға мәжбүрлейтінін анықтадық. Бұл ревматологиялық проблемаларға әкелуі мүмкін. Кейін ұзақ уақыт емделуге тура келеді", - деді Солтүстік-Батыс Файнберг университеті медицина мектебінің тірек-қимыл радиологиясы доценті Свати Дешмук.

Сарапшылар СOVID-19 жұқтырғаннан кейінгі асқынулар, оның ішінде ревматоидты артрит, аутоиммунды миозит немесе саусақ фалангтарының қабынуы дәл осы "дененің өзіне шабуылдауы" нәтижесінде болатынын айтты.

Ғалымдардың пікірінше, науқастың көбі қалыпқа келеді, дегенмен кейбір науқаста белгілер ұзаққа созылады. Мұндай жағдайларда бұл нервтердің зақымдануына, қан ағымының бұзылуы немесе қан ұйығыштығына әкелуі мүмкін.




Көрілген: 3077    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.02.2021, 13:44

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30