Сұрақ-Жауап. Кеңес

Коронавирус шаш арқылы тарай ма?

  • Коронавирус шаш арқылы тарай ма?

    Коронавирус шаш арқылы тарай ма?

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова брифинг барысында осындай сұраққа жауап берді.
Коронавирустың шаш арқылы жұғу дерегі бізде болған жоқ. Сондықтан ондай деректі растай алмаймын. Сонымен қатар, емделіп шыққан адамнан екінші қайтара инфекция шыққан жағдайы болған жоқ. Мұндай өзге елдерде де, статистикада да тіркелмеген, - деді ол.

Оның айтуынша, кейбір адамдарда КВИ симптомдары білінбейді, сондықтан стационарға пневмания, ЖРВИ-дің ауыр түрімен түскендердің барлығын COVID-19 инфекциясына қарсы тексеріліп жатыр.
Пневмония симптомымен түскен 49 адамның арасында 1 жағдай тіркелді, қалғандарынан анықталмады. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар, пневмониямен кеше түскен 13 баланың 5-еуінің сараптамасы теріс болды, қалғандарынікі тексерілу үстінде, - деді Айзат Молдағасымова.

Сонымен қатар, ол Алматы бойынша КВИ анықталған 91 адамның 5-еуі жергілікті екенін айтып өтті.
Олар сырттан келгендермен және инфекция жұқтырғандармен байланыста болмағандар. Қазір олардың қалай жұқтырып алғандары зерттеліп жатыр. Бұл бес адаммен үйде кем дегенде 3-4 адам қатынаста болған. Бұл науқастар карантин кезінде анықталғандықтан, өзгелермен қатынас жасауы төмен болды. Қазір індет тараған аумақтан келген адамдар, коронавируспен күресте алғы шепте жұмыс істеп жатқандар, зертхана қызметкерлері, бәрі бақылауға алынған. Мұның бәрі инфекцияның таралуын дер кезінде анықтау үшін жасалып жатыр, - деді Молдағасымова.

Сөз арасында ол бұған дейін Алматыда коронавирусқа қарсы сараптамалық үш зертхана жұмыс істеп келсе, енді қосымша тағы 3 жекеменшік зертхана қосылғанын айтты.
Олар да сараптама жасауға ресми түрде рұқсат алды. Бұл Корея-Қазақстан компаниясы, "Алимп" ГТУ копманиясы және СПИД орталығы. Осылайша қалада қазір 6 зертхана жұмыс істейді, - деді Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін ол Алматыда екі күннен бері ауруханаға коронавируспен түскендер саны төмендегенін айтқан еді.

Әділет МҰСАХАЕВ

BAQ.KZ




Көрілген: 444    Пікірлер: 0

жұма, 03.04.2020, 15:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Сәуір, 12:16
    АБАЙЛАҢЫЗ, АЛАЯҚТАР!
    16 Сәуір, 23:47
    1414 не үшін керек?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31