Сұрақ-Жауап. Кеңес

Коронавирус тамақ арқылы жұға ма - маман жауабы

  • https://www.astromeridian.ru/

    https://www.astromeridian.ru/

Мамандар тағам арқылы коронавирус жұқтыру екіталай екенін айтты. Алайда бұл вирус күнделікті қолданатын өнімдер арқылы мүлдем жұқпайды деген сөз емес, деп хабарлайды Lenta.ru.

 

Сарапшылар көкөніс пен жеміс-жидек сынды пісірілмейтін дайын өнімдер қауіпті болуы мүмкін екенін айтады. Мәселен, науқас адам алманың маңында түшкіріп, сіз білмей сол алманы жеп қойсаңыз, вирус жұғуы әбден ықтимал.

 

Алайда бұл өте сирек болатын жағдай екені айтылып отыр.

 

Мамандар жемістер мен көкөністерді таза сумен мұқият жуу керек екенін ескертеді.

 

"Қаптамадағы өнімдерге қатысты да дәл осындай кеңес береміз. Өйткені вирус йогурт немесе су құтысында болса, оларды ұстаған адам кейін қолын бетіне тигізуі мүмкін. Ал бұл вирус жұқтыру қаупін арттырады", -дейді сарапшылар.

 

Олардың айтуынша, коронавирус заттарда ұзақ өмір сүрмейді, тамақта көбеймейді. Мәселен, ет ең қауіпсіз өнім деп танылып отыр.

 

Өз денсаулығы үшін аса қатты алаңдайтындарға мамандар өнімдерді қызумен өңдеуден өткізуге кеңес берді. Бұған дейін жүргізілген зерттеу нәтижесінде SARS-вирусы 149 градуста 1-3 минут ішінде жойылатыны белгілі болған. Covid-19-ға қатысты мұндай тест жасалған жоқ.

Алайда шамамен осындай көрсеткіш болатыны айтылып отыр.

 

Sputnik

 

 




Көрілген: 451    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.04.2020, 15:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қыркүйек, 08:15
    Ерлер неден қорқады?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30