Сұрақ-Жауап. Кеңес

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина қашан шығады

  • Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина қашан шығады

    Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина қашан шығады

Коронавирусқа қарсы отандық вакцина клиникалық зерттеудің үшінші фазасына келді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Отандық вакцина клиникаға дейінгі зерттеуден өтті, бірінші және екінші фазадан өтіп, клиникалық зерттеудің шешуші үшінші фазасына келді. Біз бәрін хаттамаға, халықаралық стандартқа және талаптарға сәйкес жасап жатырмыз. Барлық принциптер мен барлық нормаларды сақтауымыз керек. Бұл өте маңызды, өйткені әңгіме халықтың қауіпсіздігі жайында болып отыр, сондықтан біз әрбір рәсімі бойынша барлық талаптарды сақтаймыз. Наурыз айының ортасында бұл вакцинаны шығарып, азаматтарды вакциналай бастауды жоспарлап отырмыз», - деп жауап берді Білім министрі тілші сұрағына. Айта кетейік, 2020 жылғы желтоқсан айының соңына дейін үш мың еріктіні вакцинациялау аяқталатын болады. III кезеңді өткізу үшін 10 мың доза көлемінде вакцинаның қажетті партиясы шығарылған. Отандық вакцинаны жаппай егу 2021 жылдың наурыз айында басталады. Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, сондай-ақ созылмалы аурулармен ауыратын топтағы адамдарға екпе жасалады. Бұған дейін Асхат Аймағамбетов тамыз айында салдырған отандық екпеден кейінгі денсаулық жағдайы туралы айтып берді.

ҚазАқпарат




Көрілген: 3444    Пікірлер: 0

бейсенбі, 24.12.2020, 17:43

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31