Сұрақ-Жауап. Кеңес

Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар шетелге шықса, ПТР-тест тапсыра ма

  • https://www.aa.com.tr/

    https://www.aa.com.tr/

Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейін шетелге шығу тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

"Қазақстаннан ұшып шығатын адамдарға ПТР-тест тапсыру міндеті қойылмайды. Бірақ сіз қай мемлекетке барасыз, барлығы сол елдің тәртібіне байланысты. Егер олар ПТР-тест талап етсе, онда алып бару керек", - деді Қиясов журналистерге берген сұқбатында.

 

Дегенмен, вакцинация басталғалы бері көптеген мемлекет коронавирусқа қарсы екпе алған адамдарға қатысты ерекше режимді енгізу мәселесін қарастыруға кірісті.

 

"Біз де вакцинацияны электронды түрде тіркеу жүйесін енгізіп жатырмыз. Электронды төлқұжат болады. Оған енгізілген мәліметтер ақпараттық жүйеде болады. Соның арқасында вакцинация жасау шараларын қадағалап отыруға мүмкіндік бар. Себебі коронавирусқа қарсы вакцинаны салу екі кезеңнен тұрады. Әйтпесе, адам бір дозасын алып, екіншісіне келмей қалуы мүмкін. Ондайда вакцинаның тиімділігі төмендейді. Негізі, екі дозасын алу керек", - деп атап көрсетті Қиясов.

 

Жаппай вакцинация басталды

 

Қазақстанда 1 ақпанда коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталды. Бүгін бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният  ресейлік "Спутник V" вакцинасы салдырды. Оларға екпенің алғашқы компонентін екті. Енді, 21 күннен кейін олар қайта келіп, вакцинаның екінші дозасын алу қажет.

 

Вакцина инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтарына кезең-кезеңмен салынады. Олардың ішінде медицина қызметкерлері, педагогтар, учаскелік полицейлер, студенттер, құтқарушылар, полицейлер, әскерилер және тағы басқа мемлекеттік қызметкелер бар. Созылмалы ауруы бар адамдарға да бірінші кезекте салынады. Екпе тегін және ерікті түрде егіледі.

 

Вакцина кімдерге салынбайды?

 

жүкті әйелдер;

 

ауыр аллергиясы мен вакцинаның құрамындағы заттарға жоғары сезімталдылығы бар адамдар;

 

18 жасқа толмағандар;

 

65 жастан асқандар.

 

2021 жылдың сәуір айынан COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинаны егу басталады. Жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа екпе салу жоспарланған.

 

 




Көрілген: 4035    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.02.2021, 14:08

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30