Сұрақ-Жауап. Кеңес

Коронавирусқа қарсы вакцинаны кім салғыза алмайды

  • Коронавирусқа қарсы вакцинаны кім салғыза алмайды

    Коронавирусқа қарсы вакцинаны кім салғыза алмайды

ҚР денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Шоранов Марат Едігеұлы коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға болмайтын адамдар тобын атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Вакцина салдыруға болмайтын бірнеше топты анықтадық. Вакцинаны ауыр аллергиялық реакция болған жағдайда, жүктілік және бала емізу кезінде салдыруға болмайды. Нақты ақпараттар болмағаннан кейін, бұл топтағы адамдарға екпе егу мәселесі қарастырылмайды", - дейді Шоранов. 

 
Одан бөлек, вакцина қауіп төндіруі мүмкін адамдар тобы да анықталған. Алайда бұл топқа жататындарға вакцина салдыруға болмайды деген шектеу жоқ. 

"Оған қоса, препаратты бүйрек пен бауырдың созылмалы аурулары бар, эндокриндік жүйенің жұмысы бұзылған жағдайда, қант диабеті кезінде, эпилепсия, инсульт және басқа да аурулармен ауыратын адамдарға қолдану кезінде өте сақ болу керек. Жүрек қан тамырлары жүйесінің аурулары, аутоиммунды аурулар, өкпе қабынуы аурулары, астма жағдайында да вакцина салдыру қауіпті. Оған қоса, қатерлі ісікпен ауыратын адамдарға қолдану барысында абай болған абзал. Бұл топтағы адамдарға вакцина салдыруға шектеу қойылмайды. Алайда сақ болу керек, кері әсер етуі мүмкін",- дейді ол. 

Еске салсақ, ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Шоранов Марат Едігеұлы бір вакцина екі рет салынатынын айтты. Сөзінше, бастапқыда 0,5 мл дозасында екпе салынады. Екінші екпені 23 күннен кейін тура осы дозада қайтадан егу керек.




Көрілген: 4274    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.01.2021, 18:12

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Наурыз, 16:42
    Пайдалы кеңестер
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30