Сұрақ-Жауап. Кеңес

Коронавирустан қорғайтын дәруменге бай тағамдар

  • Коронавирустан қорғайтын дәруменге бай тағамдар

    Коронавирустан қорғайтын дәруменге бай тағамдар

Кез-келген ауру адам ағзасындағы түрлі дәрумендер мен миниралдардың күш-қуатына тікелей байланысты. Адам иммунитеті мықты болу үшін түрлі дәрумендерді қабылдау керек.

Британдық дәрігер Гита Мейкер-Кларк пандемия кезінде иммунитетті күшейтуге қандай тағамдар көмектесетінін айтты. Ол коронавирустан қорғану үшін рационға мүмкіндігінше жаңа піскен көкөніс пен жемістерді қосып, қант тұтынуды азайту зор маңызға ие екенін алға тартуда, деп хабарлайды Daily Express.

С дәруменіне бай тағамдарға &ndash брокколи мен болгар бұрышы, брюссель орамжапырағы және цитрусты өсімдіктерге ерекше назар аудару керек.

 
 &ldquoИммундық жүйеге бір мезетте бір емес, бірнеше дәрумен керек. Атап айтқанда, A, C, D, E, B6 мен B12 және фолат, мырыш, темір, мыс пен селен дәрумендеріне қажеттілік көп&rdquo, &ndash дейді дәрігер.

Ол А дәруменінің орнын толтыру үшін көкөністерден &ndash сәбіз бен жұпар иісті қауын, асқабақ және тәтті картоп жеу пайдалы екенін айтады. Ал жаңғақ пен асжапырақ және күнбағыс майы Е дәруменін қажет ететіндер үшін пайдалы.

Оған қоса Д витаминін де назардан тыс қалдыруға болмайды. Дәрігер оны әсіресе, COVID-19 пандемиясы кезінде жиі қабылдаған жөн еп санайды. Күн сәулесі жетіспейтін кезеңде, қазан мен наурыз айында қолданылса, тіптен жақсы.

Осындай ойын ортаға салған Мейкер-Кларк күшті иммундық жүйе болған жағдайда ғана ағза вирусты жеңе алатынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін неміс ғалымдары өсімдік өнімдеріне зерттеу жүргізіп, олардың қайсысы адам ағзасындағы коронавирусты жеңетінін анықтаған болатын.

Ғалымдар қара жемісті шетеннің шырыны небәрі 5 минуттың ішінде организмдегі коронавирусты 97%-ке дейін жоятыны мәлімдеген. Анар шырынының да вирусқа қарсы әсері күшті болып шықты. Анар шырынымен тамақты шая отырып, COVID-19 патогендерінің 80%-не дейін өлтіруге болады.

Ғалымдар коронавирус инфекциясын басқа да табиғи шырындар, сондай-ақ, көк шәй әжептәуір әлсірететінін де анықтаған.

Коронавирусты басқа табиғи шырындар мен жасыл шай да айтарлықтай әлсіретеді.

Сарапшылар мұндай әсер қышқыл орта мен өсімдік полифенолдарының әсерінен болатынын, олар өлімге әкелетін вирусқа зиян келтіретіндігін алға тартады.




Көрілген: 1336    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.11.2020, 21:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Қаңтар, 14:28
    Құлақ неге шулайды?
    11 Қаңтар, 22:41
    ЭЦҚ мерзімін ұзарту
    5 Қаңтар, 16:51
    IBAN дегеніміз не?
    27 Желтоқсан 2020
    ҚАЛАМПЫРДЫҢ ҚАСИЕТІ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31