Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Коронавирустың емі «Гепарин» екені рас па?

19 қараша 2020, 20:14

Қазнет қолданушылары бір-біріне COVID-19 инфекциясын «Гепаринмен» емдеуге кеңес береді. Кейбірінің мәлімдеуінше, емделу үшін аталмыш препаратты пайдалануға дәрігерлер кеңес берген. Stopfake.kz порталының хабарлауынша, бұл препарат вирустық ауруларды емдей алмайды және дұрыс қолданылмаған жағдайда денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. 

«Гепарин» &ndash қанды сұйылту үшін қолданылатын дәрі, антикоагулянттар тобына жатады. Ол арқылы веноздық тромбоэмболияны және ми-қан айналымының бұзылуын емдейді.

Оны КВИ-мен ауыратын науқастарды емдеу үшін қолданатыны рас, ауыр және аса ауыр жағдайдағы науқастарға арналған қосымша дәрі. Оның көмегімен тромболитикалық асқынулардың алдын алады. Препарат тек стационарда ғана қолданылады.

«Гепаринді» дәрігердің бақылауынсыз қолдану сүйектің кенеттен сынуына және остеопорозға әкелуі мүмкін, тіпті асқазан-ішектен қан кетуі ықтимал. Оны коронавирустың алдын алу және симптомсыз тасымалдаушыларды емдеу үшін қолдануға болмайды.

Айта кетейік, мамандар коронавирус инфекциясы кезінде «Гепаринді» қолдану қажеттілігін әлі де зерттеп жатыр. Атап айтқанда, кейбір науқастарда препаратты қолдануға қарамастан тромботикалық асқынулар сақталатынын дәлелдейтін зерттеулер бар. Сонымен қатар, бірқатар мамандардың айтуынша, «Гепаринді» қолдану аса ауыр жағдайда коронавируспен ауырған науқастарға қатысты өлім қаупін айтарлықтай төмендетеді.