Сұрақ-Жауап. Кеңес

Көшеде азаматтарға маскасыз жүргені үшін айыппұл салған дұрыс па

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Көшеде азаматтарға маскасыз жүргені үшін айыппұл салған дұрыс па? Бұл сұраққа Республикалық арнайы мониторинг тобы төрағасының орынбасары Рафаель Гасанов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде Рафаель Гасановтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

 

Баспасөз мәслихаты барысында спикерге «Қазақстанның кейбір өңірінде мобильді топтар (құрамындағы полиция қызметкерлері арқылы) көшеде маскасыз жүрген азаматтарға Әкімшілік кодекстің 425-бабын негізге алып, 40 мың теңгеден артық айыппұл салған. Бұл заңды ма?» деген сұрақ қойылған болатын.

 

Бұл сұраққа жауап берген Рафаель Гасанов ең алдымен елдегі бүкіл әкімдіктерге үндеу жолдады.

 

«Тыңдаңыздар! Жазалаудан бұрын превенцияға жұмыс істеу керек. Адамдарға алдымен түсіндірген абзал. Сұрақ дұрыс қойылып отыр. Өз басым азаматтарға жөнсіз айыппұл салына бермеуі керек деп есептеймін. Халық алдымен салық төлеп отыр. Сол салықтан олар (әкімдік қызметкерлері) айлық алады. Яғни, халыққа бас-көз жоқ айыппұл сала бермей, жадынамаларды таратып, түсіндірме жұмыстарын күшейткен абзал. Бір сөзбен ақпараттық түсіндіру жұмысы жаппай жүргізілуі керек. Алдымен түсінік жаздыру керек, болмаса бір рет ескерту жасаған дұрыс», - дейді Рафаель Гасанов.

 

Оның айтуынша қоғамда шынында да тәртіпті өрескел бұзатындар бар. Рафаель Гасанов сонымен қатар бұл оқиғалардың заңдылығын анықтауға уәде берді.

 

«Өзіміз де ел ішін аралап жүрміз. Тәртіпті өрескел бұзған азамат сол мемлекеттік қызметшінің өзіне де арыз жазуы мүмкін. Осы кезде араға қоғам өкілдері кіруі керек. Бәріміз адамбыз ғой. Солай емес пе? Бұл мәселенің кемшіліктері де, артықшылықтары да бар. Жазалау әдісіне салсақ, ендеше елдің жартысына айыппұл салайық. Бұл ақымақтық болар еді», - деді Рафаель Гасанов.

 

 

 




Көрілген: 4591    Пікірлер: 0

жұма, 15.01.2021, 16:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31