Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қосымша жұмыс істеуге құқығым бар ма?

06 мамыр 2011, 12:20

Мен «Күзет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде күзетші болып жұмыс істеймін. Жұмыс кестесі бойынша бір тәулік жұмыс істеп, екі тәулік демаламын. Менің білгім келгені — демалыс күндерін пайдаланып, басқа мекемеге, яғни бюджет саласына күзетші болып жұмыс істеуге құқығым бар ма? Құқығым болса, оның талаптары қандай?
Алдияр ШЕРБЕКОВ,
Алматы облысы
Сарапшы мамандардың мәліметіне қарағанда, қоса атқаратын жұмыс іс­тей­тін қызметкерлердің еңбегін рет­теудің ерекшеліктері ҚР Еңбек кодексінің 18-тарауында көрсетілген.
Осы тараудың 196-бабына сәйкес, қызметкер өзі еңбек қатынастарында тұрған бір жұмыс берушімен (негізгі жұ­мыс орны бойынша), сондай-ақ бірнеше жұмыс берушімен де қоса ат­қаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасуға құқылы.
Қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартында жұмысты қоса атқару жөнінде сілтеме болуы міндетті.
Бұл ретте, заңнама бойынша қоса жұмыс атқару үшін бірқатар талаптар қойылады.
Атап айтқанда, Кодекстің 197-ба­бы­на сәйкес, қызметкер басқа жұмыс берушімен қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасасу үшін осы Кодекстің 31-бабында көзделген құжат­тардан бөлек, негізгі жұмыс орны бо­йы­н­ша ең­бектің сипаты мен жағдай­лары (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайлары) туралы анықтама табыс етеді.
Сонымен қатар Кодекстің 198-ба­бы­на сәйкес, негізгі жұмыс орны бо­йын­ша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделікті жұмыстың жиынтық ұзақтығы осы Кодекстің 82-бабында белгіленген күнделікті жұмыс уақытының норма­сы­нан 4 сағаттан артық аспауға тиіс.