Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қосымша жұмыс үшін сауықтыру ақысы төлене ме?

13 желтоқсан 2012, 14:32

Мектеп директорының оқу жөніндегі орынбасары өз жұмысымен қоса, 0,5 жүктемемен мұғалім болып жұмыс істесе, оған сауықтыру ақысы қалай төленуі тиіс?
Райхан АХМЕТОВА,
Оңтүстік Қазақстан облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасы сарапшысының мәліметінше, ҚР Еңбек кодексінің 196-бабына сәйкес, қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн қыз­меткерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы негiзгi жұмысы бойынша демалыспен қатар берiледi. Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы басқа жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан аз болса, жұмыс берушi қоса атқарушы – қызметкердiң өтiнiшi бойынша демалыс ұзақтығының айырмасын құрайтын күндерге жалақысы сақталмайтын демалыс бередi. Бұл ретте, кодекстің 239-бабына сәйкес, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын азаматтық қыз­метшiлерге лауазымдық жалақысы мөл­шерiнде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтiзбелiк 30 күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берiледi.
Осыған орай аталған жәрдемақы негізгі жұмыс орны (лауазымы) бойынша, сонымен бірге қоса атқаратын жұмыс орны (лауазымы) бойынша төленуі тиіс. Егер лауазымдарды қоса атқарған жағдайда (негізгі лауазым бойынша жұмыс уақытының шегінде) сауықтыруға арналған жәрдемақы төленбейді (қоса атқаратын жұмыс бойынша).