Ковидпен ауырып жазылған адамда бір жылда жүрек ауруы пайда болуы мүмкін

08 қазан 2021, 14:28

Коронавируспен ауырып жазылған адамдарда, бір жылдан соң жүрек ауруы пайда болуы мүмкін. Бұл туралы АҚШ-тағы Сент-Луис клиникалық эпидемиологиялық орталығы ғалымдарының зерттеуіне сілтеме жасаған «Блумберг» агенттігі хабарлады.

 

Сарапшылар ковид жұқтырып, ем-домнан кейін сауыққан 151 мың 195 қарияның денсаулығын зерттеп, олардың жүрек талмасына шалдығу қаупі 39 процентке жоғары екенін анықтаған.

 

Сондай-ақ зерттеу барысында коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатып шыққан, әрбір жетінші науқастың жүрегінің ауырғаны белгілі болды.

 

Ғалымдар әзірге ковид-19 салдарынан жүрекке қалай зақым келетінін толық зерттеп біткен жоқ.

 

Әзірге дәрігерлер оқшауланудан туындаған стресті жағдай, қаржылық қиындықтар, физикалық белсенділіктің төмендеуі мен қайғы-қасірет жүрекке ауыр салмақ салуы мүмкін деп топшылайды.

 

 

 

24.kz