Көздің айналасындағы әжімнен оңай құтылудың жолы

Көздің айналасындағы әжімнен оңай құтылудың жолы

Жапон массажын жасаушы Бақытгүл Озғанова Экспресс К тілшісіне тиімді әдісті айтып берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі.

Әйелдер қауымы жасы ұлғайған сайын көз айналасындағы әжімнен құтылудың жолын іздей бастайды. Бірі қымбат крем жақса, енді бірі операцияның көмегіне жүгінеді. Ал әжімді операциясыз қалай кетіруге болады?

 

Бақытгүлдің айтуынша, қыз-келіншектер 25 жастан асқаннан кейін көздің айналасына мән беруі керек. Теріні нәрлендіріп, ылғандандыратын арнайы кремдерді жаққан жөн. Егер 25-тен кейін теріге күтіп жасалмаса, әжім ерте түседі.

 

Көздің терісі өте нәзік. Сондықтан оған ұқыптылықпен қарау керек. Қыздар 25 жастан кейін крем жағып, 30-дан асқан кезде арнайы массаж жасап жүргені дұрыс. Себебі массаж қан айналымын жақсартып, әжімнің түсуіне жол бермейді, — дейді маман.

 

 

Бақытгүлдың айтуынша, массажды әркім өзі жасай алады. Ол үшін қымбат салондарға барудың қажеті жоқ. Алдымен массаж жасау үшін арнайы майларды таңдап алу керек.

 

— Кез келген майды жағуға болмайды. Өрік, жүзім сүйектерінің майы мен жожоба өсімдігінің майы өте пайдалы. Осылардың біреуін алып А, Е дәруменін қосып, бет пен көздің айналасына жағасыз. Дәруменнің өзін де жағуға болады. Кейін екі саусақпен көздің айналасын бес минут ұрғылайсыз. Осылайша май теріге сіңеді, нәр береді, — дейді Бақытгүл

 

Май теріге сіңген соң көздің айналасына сағат тілімен ұрғылап массаж жасау керек. Көздің терісін созып, шымшуға болмайды. Сондай-ақ беттің терісін жоғары қарай тартып, массаж жасған жөн. Екі қас пен көздің қиығындағы әжімдерді де массаж арқылы кетіруге болады.

 

Отыздан асқан қыздар осылайша массаж жасап жүрсе, елу жасқа келгенде әжім болмайды. Ал елу жастағы әйелдер жасаса, әжімнен арылады. Маманның айтуынша, күн сайын 15-20 минут бет пен көздің айналасына көңіл бөлу керек.

 

Сондай-ақ маман күріштің суы да әжімге қарсы әсер беретінін айтады. Ол үшін күрішт қайнатып, оның суына Е, А дәруменін қосып, қоймалжың болғанша араластырып, көздің астына жағу керек. Бұл әдісті 30 жастан асқан қыз-келіншектер жасағаны жөн.

 

Жалпы инеден, операциядан қорқатын қыз-келіншектер әжімнен оңай құтылу үшін бет пен көздің айналасына тұрақты түрде массаж жасап жүруі керек.

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста