Сұрақ-Жауап. Кеңес

Кроссовка киген денсаулыққа қауіпті ме?

  • Кроссовка киген денсаулыққа қауіпті ме?

    Кроссовка киген денсаулыққа қауіпті ме?

 Дәрігерлер спортқа арналған «дұрыс емес» кроссовканың зиянын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz ақпараттық агенттігі Medicalxpress сілтеме жасап.


Ортопед-дәрігер Кристина Роу-Бауэрдің айтуынша, ыңғайсыз аяқ киім жайсыздық пен ауырлық тудырғаннан бөлек, табан фасциитіне (сіңірді зақымдайтын қабыну процесі), стресстік сыну, сондай-ақ, аяқ тырнақтарының сынуына алып келуі мүмкін.


Маман кроссовка таңдағанда табан типін, жүгіру стилін және жер бедерін ескеруге кеңес берді.


Дәрігерлер аяқ киім сатып алуды күн соңына қалдыруға кеңес береді. Себебі кейін табан қысылмауы үшін аяқ біраз ісіп тұруы қажет. Кроссовканың өлшемін таңдап отырған кезде оны спорттық шұлықпен киген дұрыс.


«Жүгіріс кезінде саусақтар қысылмауы үшін басы жалпақ аяқ киім таңдаңыз. Жақсы аяқ киім таба алмасаңыз, болашаққа қосымша тағы біреуін алуды ойлаңыз. Бірақ бірнеше жылға бірден алудың керегі жоқ, себебі жыл сайын табан өлшемі өзгеруі мүмкін», - деді дәрігер.


Тengrinews.kz




Көрілген: 496    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.08.2019, 12:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Шілде, 22:45
    Өзіңді дамыту
    16 Маусым, 20:02
    Ақша үнемдеудің 5 жолы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31