Сұрақ-Жауап. Кеңес

Күні бойы шаршамай, сергек жүруге көмектесетін тәсіл табылды

  • https://islam.kz/

    https://islam.kz/

АҚШ-тың әскери әуе күштеріне қарасты зертхана мамандары шаршағанды басып, күні бойы сергек жүруге, дәлірегі, еңбек етуге қабілетіңді жоғалтпауға көмектесетін құрылғы ойлап тапты.

 

Бұл жайында islam.kz порталы Technology Networks ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

VNS-әдісі мойындағы вагус жүйкесін электр тогымен ынталандыру арқылы жүзеге асырылады.

 

Ғалымдардың айтуынша, бұл тәсіл электр тогымен транскраниалды стимуляциялау (tDCS) әдісінен әлдеқайда тиімді.

 

Десе де аталған екі әдіс те көгілдір даққа – сергектік гормонын бөлетін әрі норадреналиннің қайнар көзі болып табылатын ми бөлігіне әсер етуге бағытталған. tDCS-сигналы алдымен тері мен бас сүйегі қабаттарынан өтіп миға жетуі керек, бұл процедура 30 минутқа созылады.

 

Ал біз сөз етіп отырған VNS-терапиясы портативті құрылғы арқылы жүзеге асырылады. Бұл процедураны адам өзі атқара алады, бар-жоғы алты минуттан аспайды.

 

Бұл тараптағы тәжірибеге өз еркімен 40 адам қатысқан екен. Бұл әдісті қолданған олар табаны күректей 34 сағат бойы сергек жүрген. Олардың жай-күйі төрт тест арқылы бағаланған.

 

Десе де аталмыш әдістің денсаулыққа қауіпсіз екенін тексеру үшін қосымша тәжірибелер жүргізілетін болады.

 

 

 




Көрілген: 514    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.06.2021, 18:50

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Маусым, 11:48
    Терлей бересіз бе?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31