Күндіз ұйқы басып, түнде ұйқы қашса – қандай дерттің белгісі?

16 шілде 2021, 19:48

Күндіз ұйқы басып, түнде ұйқы қашса, бұл бауырда кінәрат барынан хабар береді.

 

Бұл жайында islam.kz порталы ресейлік «Бесінші арнаға» сұхбат берген дәрігер хирург, гепатолог, медицина ғылымдарының кандидаты Дмитрий Монаховқа сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Бұдан бөлек, аталған ағзаны дерт иектесе, адам өзін әлсіз сезініп, шаршап жүреді, бұдан бөлек, терісі мен көзінің ағы сарғайып, жиі лоқсиды, оң жақ қабырғасының асты ауыр тартады.

 

Бұл аталғандар бауыр ауруының көпшілікке белгілі симптомдары болып табылады.