Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Құрбан Бердыев Қазақстан құрамаларын баптауы мүмкін

12 желтоқсан 2012, 10:59

Ресейдің «Рубин» клубын жаттықтыратын Құрбан Бердыевке Қазақстан футбол федерациясы басшыларының көзі түсіп жүргенін білетін едім. Әйгілі маманның футболдан Қазақстанның ұлттық құрамасын жаттықтыру мүмкіндігі қаншалықты?
Ерзада Әбілсейітов,
Қарағанды қаласы
Құрбан Бердыев Қазақстан футбол федерация­сындағы барлық жобалар­дың кураторы қызметіне орналасуы мүмкін. Бұл туралы Ресейдің «Спорт-экс­пресс» газеті мәлімдеді.
Аталмыш басылымның мәліме­тін­ше, Қазақстан футбол федерация­сы­ның бас хатшысы Саян Хамитжанов келіссөздер жүргізу үшін қарашаның басында Құрбан Бердыевпен кездескен екен. Әзірге «Рубин» бапкері нақты келісімін бермепті. 60 жастағы маман­ның қазан­дық клубпен келісімшарты жақында аяқталады. Деген­мен Бер­дыев­тың өзі «Рубинді» одан әрі жат­тық­тырғысы келетінін жасырмайды. Ал Қазақстан футбол феде­ра­циясы 2013 жылдың қаңтар айының ортасына де­йін ойлануға рұқсат берген. Егер Құр­бан Бердыев ҚФФ ұсынысына келісер болса, онда ол Қазақстан футболы­ның барлық құрамаларына жауап беріп, бапкерлердің үстінен қарайтын болады. ҚФФ оның алдына 2016 Қа­зақ­стан ұлт­тық құрамасын жаңа биіктікке көтеру тапсыр­масын жүктемек. Яғни жеребе тарту кезінде Қазақстан ұлттық құрама­сы неғұрлым жоғарғы санаттағы себет­ке түсетіндей жағдайға жетіп, 2020 жылғы Еуропа бірін­шілігіне қатысу мүм­кіндігіне ие болу.