Сұрақ-Жауап. Кеңес

Құстар күзде қайту жолдарын ауа райына байланысты таңдайды

  • Құстар күзде қайту жолдарын ауа райына байланысты таңдайды

    Құстар күзде қайту жолдарын ауа райына байланысты таңдайды

Ұшқан құс қыста қайда барып жан сақтайды? Қай өңірді мекендейді? Біле жүріңіз.

Күздің ызғары есіп, су қатқанда құс атаулы жылы жаққа қайта бастайды. Бұл әдетте қараша айы. Осыдан болар қазақтың бір амалы «қарашаның қайтуы» деп аталады.

Қазір де қараша туды. Құс жолын бойлап тыраулаған тырна, қаңқылдаған қаз туған өлкесін қимай ұшып барады.

Олжабек Холов, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы: - Құстар қысты күні жылы жаққа қайтып, жазды күні қайтып келеді ғой. Республикамыз Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарының және СҚО төңірегінде құстардың миграциялық жолдары, яки қоныс аудару жолы. Ауа райына байланысты өздерінің жолдарын таңдап отырады.

Біздің елді жайлаған құстардың әлемнің 65 елімен байланысы бары анықталған. Олардың алды Еуропа, АФрика, Таяу шығыс, Орталық, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс азияға дейін ұшып барып, сол жақта қыстайды. Мұны ғалымдар құсқа сақина тағу арқылы анықтаған. Мысалы, сұр қарылғаш Африка мен Мадагаскарға, тырналар Оңтүстік Азиға дейін жеткен. Ал Үндістан мен Испанияда сақиналанған торғай біздің Алакөлге ұшып келген.

Сырымгүл Зарипова, ҚР БҒМ Зоология институтының ғылыми қызметкері: - Сақиналау әдісі құстардың бір аймақтан екінші аймаққа ауысып отыру яки қоныс аударуы және олардың өмірсүргіштік ұзақтығын анықтайды. Сақиналау арқылы шағала - 32, күміс түстілер - 36, қараторғай 15 жылға дейін өмір сүретіні белгілі болған. Шақпақ асуында және Алакөл көлінде Испания және Үндістанға сақиналанған торғайлар ұшып келген.

Қарашада желмен ыққан құс атаулының бәрі бірдей жылы жаққа кетпейді. Көппен бірге аттанғанмен оңтүстік өңірде қыстап қалатындар да бар.

Олжабек Холов, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бас сарапшысы: - Ал негізі Қазақстаннан асып Африка материгіне дейін оңтүстікте орналасқан Индия, Пәкістан елдеріне қарай жылы жақа ұшып кетеді.

Қазақстанда 360 құс түрі ұя салады. Бұл елдегі фаунаның 78 проценті. Оның ішінде 138 құс түрі, яғни 35 проценті қыста да елде әсіресе оңтүстік өңірлерді қыстап қалады. Ал қалған 65 проценті одан әрі оңтүстікке ұшып кетеді. Олардың орнын солтүстіктен келген құстар басады. Бұлар самырқұс, полярлық ақ үкі, томпақ үйрек, жолторғай секілді қанаттылар. Олар өз мекендеріне көктемнің басында аттанып кетеді.

Наргиз Бекмағанбетова, Ержан Қанапияұлы

24.kz




Көрілген: 522    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.11.2021, 10:23

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Желтоқсан 2021
    Ұл керек пе, қыз ба?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31