Сұрақ-Жауап. Кеңес

Күйеуіңіздің жылуды сырттан іздеу себебі...

  • http://valtasar.ru

    http://valtasar.ru

Әрбір әйел өмірлік серігінің өзіне қиянат жасамағанын қалайды. Сезіп қалған жағдайда да оны балалары үшін, отбасын сақтап қалуы үшін кешіре алуы мүмкін, бірақ, көңілде бәрібір сыз қалады.


Еркектің некелі жарына опасыздық жасауына не себеп болады екен? Оның алдын алуға бола ма? Әлбетте, еркектің барлығы сондай деп шешім шығаруға болмайды, дегенмен, әйеліне опасыздық жасаған отағасылардың да барлығы бірдей әйелін сүймейді деген сөз емес бұл. Ер адамның сыртқа көз салуына түрліше жағдайлардың себеп болатынын анықтап алайық. Егер сіздің күйеуіңіздің біртүрлі қылықтарын байқап, күдіктеніп жүрсеңіз, алдымен, өзіңізге назар салыңыз, өзіңіздің жіберген қателіктеріңіз жайлы ойлаңыз, түзетуге әрекет жасаңыз деп неліктен психологтардың талмай айта беретініне де бір сәт көз жүгіртіп көрейікші?!


1.Тәрбие басы - тал бесік


Еркектің жыныстық қатынас бойынша қалауы мен қарым-қабілеті оның организміндегі тестестерон гормонына тікелей байланысты. Бұл гормон қаншалықты организмде көп бөлінсе, еркектің де жыныстық құмарлығы соғұрлым жоғары болады. Міне, осындай қалауы жоғары еркектер өз әйелінен қанағат таппаған кезде басқаға көз сүзеді.


Әйел мұндай жағдайда не істеу керек?


Осындай санаттағы азаматтың жары болған әрбір әйел ерінің жыныстық құмарлығы жоғары болғаны үшін әйел де оған дайын болуы керек. Ал, еркектің қандай типте екендігін, яғни, жыныстық құмарлығы жоғары болғандығын әйелі қалай біледі? Көбінесе, мұндай типтегі еркектер отбасын құрғанына бірнеше жылдар өтіп, «ыстық-суық» басылып, арадағы қажеттілік салқынқандылыққа ауыса бастаған шақта да төсекті әр күні немесе ұзақ дегенде екі күннің бірінде қалап тұрады. Олар қысқа бойлы, денесінде түгі көп, тығыншықтай болады. Мұндай еркектердің жыныстық қалауын орындай алмаса, физикалық тұрғыда қиналады.


2.Өз-өзіне ренжу


Егер әйел ерінің қадіріне жетпей, оған алғыс айтуды білмей, оны қолдап-ынталандырудың орнына аяғынан тартып, ұдайы проблемалар жайлы айта берсе, соңы жақсылыққа апармайды. Ер-азаматқа да өзіне әйелінің риза болғаны, мақтау айтқаны, сүйсінгені маңызды. Қуанып жүретін әйелді емес, керісінше, үнемі тағдырына, осындай күйеу жолыққанына нали берсе, әрине, күйеуі өзін кінәлі санай бастайды. Әйелінің қалауын орындай алмағанына қапаланып, «мен оны бақытты ете алмай жатырмын» деген оймен өз-өзін іштей мүжи береді. Дәл осындай өзіне деген сенімі жоғала бастаған еркекке басқа бір әйел мақтау айтып, кішкентай ғана ісін үлкен іс тындырғандыққа балап, ер адамның рухын көтеріп қойса, ол ер азаматтың жанында өзінің әлсіз әйел екендігін «мойындаса», еркек те «өзі бақытты ете алатын әйелдің» жанында болуға ұмтылады.


Әйел мұндай жағдайда не істеу керек?


Әрдайым күйеуінің жасаған ісіне мақтау айта алмайтын болса да, бірте-бірте жиілету керек. Ерінің өзі үшін, отбасы үшін жасап жатқан жұмыстарына, талпынысына ризашылығын білдіру керек. Күйеуінің жұмысында аздаған мәселелер туындап көңіл-күйі болмағанда оны дұрыс түсініп, сізге айтқан сырын тыңдай білу керек. Сөзін бөлмеңіз, ол жанын қинаған мәселені сізбен бөлісіп, жеңілдеуіне мұрсат беріңіз. Ер-азамат өзінің жұмысындағы жеке мәселелерімен қиналып жүргенде, отбасындағы «ұсақ-түйек қиындықтарды» санасына тықпалап, одан әрі қинамаңыз. Күйеуіңізді әрдайым күлімдеп қарсы алу қиын тиіп жатса, тым болмаса, қабақ шытып, ашуыңызды сездірмегеніңіз жөн. Сонда ер-азамат әйелінің өзімен бірге өмір сүру бақытқа бөлейтінін сезіне алады. Әрине, мұндай жағдайда ер-азаматтың көңіл-күйі жоғары, жаны тыныш болады.


3. Ерлі-зайыптының арасындағы «көрінбейтін байланыс»


Ерлі-зайыптының бір-біріне деген міндеті, жұбайлардың қатынасында өзінің қалауын әйелінен сұрай алмауы, сұраған күнде де теріс жауап алуы еркекті қиянат жолына бастайды. Ер адамның жаратылыс бөлек, олар әдетте жыныстық қарым-қатынасқа көбірек мән береді. Егер еркектің қиялындағы қарым-қатынас жүзеге аспаса немесе әйелі оған мүмкіндік бермесе яки түбегейлі бас тартса, әлбетте соңы міндетті түрде басқаға кетуді ойлайды.


Әйел мұндай жағдайда не істеу керек?


Ерлі-зайыптының арасындағы әңгіме ашық болғаны дұрыс. Тіпті, тек екеудің арасындағы құпияны бір-біріне ашық айтуға құқы бар. Күйеуіңіздің өтінішінен бас тартпау керек, бірақ, өзіңіздің де талап-тілектеріңізді ескертіп өту керек.


4. Әйелдің ұқыпсыздығы


Көбінесе тұрмысқа шыққанға дейін, кейін тұрмысқа шығып, балалы болғанға дейін өзіне күтім жасап жүрген әйелдер кейінірек бар назарын балаға аударып, күйеуіне ұнамды болу жағын, күйеуі үшін әдемі көріну қажеттігін естен шығарып жатады. Әрине, мұндай жағдай еркектің жалынын басып, қызығушылығын біршама салқындатып қояды. Әйеліне «әйел» деп емес, «балаларымның анасы» деп қана қарайтын болады. Әйел әуелі күйеуі үшін ӘЙЕЛ болып қалуы керек.


Әйел мұндай жағдайда не істеу керек?


Күйеуіңіздің көзіне әдемі болып көрінуіңіз керек. Үйде жүргенде боянып-сыланып жүру керек деген сөз емес, бірақ, жыртық халат, тізесі шыққан, оңған, тозған киім мен кірлеп-майланған шаш, жарылған қол мен өкше секілді күтімсіз дене ешбір еркекке ұнай қоймасы анық.


5. Күйеуді «қадағалау»


Жасыратыны жоқ, кейбір әйелдер күйеуінің жүріс-тұрысын, басқан ізін аңдып, есеп алып отыруды жаны сүйеді. Жұмыс орнына қоңырау шалып, шынында да жұмыста отырғанына көз жеткізіп алады. Үйге бес-он минут кешігіп келсе, тергей жөнеледі. Айтатын екі сөзінің бірінде күйеуінен опасыздық белгілерін тінтіп, ашуына тиеді. Мұндай тергеулер тып-тыныш жүрген еркектің ашуын келтіріп қана қоймай, сол жолға итермелейді. «Бәрібір әйелім менің адалдығыма сенбейді, ендеше шындап мен жаман бола қояйыншы» деп «жоспар» түзуі де ғажап емес.


Әйел мұндай жағдайда не істеу керек?


Күйеуіңізге сенім артыңыз. Егер кешігіп келгенінің себебін түсіндірсе, шу шығармай, оны түсінуге әрекет етіңіз. Достарымен бірге отырғанда оны мазалап, қоңырау шала беру де оның достар арасындағы беделін түсіріп тастайды. Сондықтан, күйеуіңіз туралы теріс пікірлеріңізді мүлдем жадыңыздан өшіріп тастауға ұмтылыңыз.


6. Босбелбеу еркек


Үйде әйел басшы болып, күйеуінен көп табыс тапса және онысын артықшылық деп санап, күйеуіне міндет қылса, балаларының алдында еркектің дәрежесін түсіріп, қадірлемейтін болса еркек «өзін қадірлейтін, сыйлайтын, жоғарыға көтеретін» әйелді іздей бастайды.


Әйел мұндай жағдайда не істеу керек?


Әйел әсіресе балаларының алдында ерінің құнын түсірмеуі тиіс. Күйеуінен көп табыс тапса да оны кемсітпей, керісінше, барынша ризашылық білдіріп отыру керек.


Еrnur.kz





Көрілген: 2203    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 23.09.2019, 12:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Шілде, 22:45
    Өзіңді дамыту

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31