Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қытай жетістігінің құпиясы неде?

  • https://islam.kz/

    https://islam.kz/

Қытай шамамен 2013 жылдан бері жалпы ішкі өнімі бойынша АҚШ-тан кейінгі орынға шыққан ел. Соңғы ширек ғасырдан астам уақытта қытай экономикасы тұрақты даму даңғылына түсіп, ұдайы өсу үстінде. Қытайдың даму үлгісін мынадай себептермен байланыстырып түсінліруге болады:

 

Халқы көл-көсір Қытайда жұмысшы күші арзан. Яғни, жалақы деңгейі төмен болғандықтан бұл жайт өз кезегінде аталған елде бизнесін жүргізуге мүдделі шетелдік инвесторлардың қарасын көбейтті. Қазірдің өзінде солай: жалақы деңгейі айтарлықтай өскенімен дамыған елдермен салыстырғанда көп төмен.

 

Жоғарыда айтып өткеніміздей, Қытайда жұмысшы күші арзан болғандықтан шетелдік инвесторларды тартты. Қытай экономикасының дамуынің екінші себебі осы біріншісімен сабақтас: қытай шетелдік инвесторларды ел аумағына жайдан-жай кіргізе салмайды – технологиясын пайдаланады. Шетелдік технология негізінде бүгінде Қытай өзінің сапалы тауарын шығаруға қол жеткізіп отыр.

 

Үшінші себеп – саяси жүйенің тұрақтылығы. Қытай саяси жүйесін өзгертпей-ақ нарықтық экономикаға өткен ел. Бірнеше ондаған жылдар бойы өзгермеген Қытайдың нарықтық экономикаға негізделген социалистік саяси жүйесі шетелдік инвесторлардың сенімін тудырып, трансұлттық корпорациялардың пайда болуына ол ашты.

 

Жалпы, Қытайдың жан басына шаққанда жалпы ішкі өнімі өскенімен тұрмыс деңгейі батыс елдерінен көп кейін қалып қойған. Соған қарамастан Қытай коммунистік партиясы елдегі кедейлер қарасын жылдан жылға азайтып келеді. Бұрын да айтып өткеніміздей, аз уақыт ішінде 800 млн адамды кедейлік қамытынан шығарып, бұл бағытта оңды көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр.

 

islam.kz




Көрілген: 365    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.08.2020, 12:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қазан, 15:54
    Адам тән емес
    7 Қазан, 16:58
    ЭЦҚ деген не?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31