Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қытайлар Жаңа жылды қарсы алды

03 ақпан 2011, 10:37

Қытайлардың Жаңа жылды ақпанның басында қарсы алатыны рас па? Олардың жаңажылдық мерекелерінің қандай ерекшеліктері бар?
Рауан Болатұлы,
Қостанай қаласы
Кеше ақпанның 2-сінен 3-іне қараған түні Қытай елі өздерінде қалыптасқан дәстүрлі күнтізбе не­гізінде көктем мерекесі сана­латын Жаңа жыл мейрамын қарсы алды. Қытайлықтардың дәстүрі бойын­ша Жаңа жылды қарсы алу кезінде ең маңыздысы – барлық отбасы мүшелерінің ортақ мереке­лік үс­тел­де бас қосуы. Олар бір-біріне ақ тілектерін арнап, сый-сия­пат көрсетеді. Отбасылық жағ­дайда атап өтілген мерекенің жалғасы көпшілік думанға ұласа­ды. Жаңа жыл көрігі әсіресе Қытай­дың ауыл­дық аудандарында ерекше қыза түседі. Ауылдағы әрбір үлкен отбасында етпен және аскөкпен, ас шаянмен тұшпара түйіліп, басқа да ұлттық тағамдар әзірленіп, қонақтарға үлестіріледі. Тұшпа­раны түйіп, бір-екеуінің ішіне «бақыт бақыры» саналатын тиын салып пісіреді. Егер де қонақтар­дың бірі түйілген тұшпараның іші­нен ақша тауып алса, онда ол өзін шын бақыттылар қатарына қоса алады. Сонымен қатар Аспан асты еліндегі жаңажылдық дастарқан мәзірінде міндетті түрде қытайша «юй» балығы болуы тиіс. Ол тоқ­шы­лықтың белгісі саналады. Соны­мен бірге жабысқақ күрiштен «няньгао» тәттi бауырсағы пісірі­леді. Осылайша қытайлықтар ұлт­тық мерекелерін бірнеше күн қа­та­рынан тойлайды.