Сұрақ-Жауап. Кеңес

Қыз Жібектің сәукелесін кім тіккенін білесіз бе?

  • Фильмнен кадр

    Фильмнен кадр

Екі жастың махаббатын сөз ете отырып екі рудың қарым-қатынасын, сол арқылы тұтас қоғамның көрінісін көзіқарақты көрерменге көркем жеткізе білген «Қыз Жібек» фильмінің жарыққа шыққанына жарты ғасырға жуық уақыт өтіпті.


Сол бір қайталанбас кадрлерде өткен күндер өрнектелсе де махаббат тақырыбы қай заманда да өзекті. Міне сондықтан, С.Қожықовтың бұл бірегей кинотуындысы әлі күнге халық арасында зор сұранысқа ие, ондағы кейіпкерлердің тағдыры қалың бұқараны қашан да қызықтырады.



Мәселен, күні кеше «Қыз Жібек» фильміндегі басты рөлдегі кейіпкер, сұлулықтың символына айналған Қыз Жібектің сәукелесі кімнің қолынан шыққаны белгілі болды. Қалыңдықтың бас киімін сәулетші Лейла Рахымжанова жасаған. Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды. «Гүлфайрус Ысмайылованың эскизін негізге ала отырып, Қыз Жібектің сәукелесін мен тігіп шыққан едім. Сәукелені шұғыл дайындау керек болды, бірақ киностудия тігіншілері белгісіз себептермен одан бас тартты. Сосын мен дайын пішінді үйге алып, әрбір моншақты қатты картонға қадап тіге бастадым. Түні бойы еңбектенім, сәукелені таңмен киностудияға дайын күйінде апардым. Жүздеген моншақ тізбектеліп тігілген жұмысты көріп Гүлфайрус Ысмайылова қатты таңғалды», – дейді жазбасында Лейла Рахымжанова.



Лейла Рахымжанова 1949 жылы 26 қаңтарда Алматы қаласында туған. Жас шағында биге әуестігі мен әртістік қабілеті арқасында «Қазақфильм» киностудиясының бірнеше картинасына түскен. Алайда кейін таңдауы басқа мамандыққа түсіп,


тағдыры оны сәулет өнеріне әкелді. Лейла Шаймерденқызының айтуынша, сәукелені 18 жасында тіккен.

24.kz


 






Көрілген: 2989    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.09.2019, 16:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    9 Желтоқсан, 13:30
    Некені онлайн тіркеу
    3 Желтоқсан, 18:26
    Әйелдер неге жылайды?
    28 Қараша, 10:08
    Шай ішу кімдерге зиян
    15 Қараша, 12:31
    Қант диабеті

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31