Сұрақ-Жауап. Кеңес

«Қызықты сілтемеге» кірген қазақстандықтардың жеке деректері ұрланады

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Қазақстандықтар Huawei компаниясынан ұялы телефон және басқа да гаджеттер ұтып алуға болатыны жайлы мәлімет бар делінген сілтемемен бөлісуде.

 

Шын мәнінде, өндіруші қазір мұндай лотереялар ұтысын өткізіп жатқан жоқ, ал ұтысқа қатысуға шақыратын сайт фишингтік болып табылады, деп жазады stopfake.kz.

 

«Huawei компаниясының ресми интернет-порталында жаңа жылдық ұтыс туралы жазылмаған. Сонымен қатар, қымбат сыйлықтар ойнатылатын платформа ресми емес және өндіруші компанияға ешқандай қатысы жоқ» делінген хабарламада.

 

Алаяқтардың құрбаны болған желі қолданушылары сілтеме бойынша өту қауіпті екенін ескертеді.

 

«Егер сілтеме пошта немесе What&rsquosApp арқылы келсе &mdash оны бөліспеңіз! Әрине, адамдар оны жақсы ниетпен жібереді, бірақ сайттың мақсаты &ndash сіздің деректеріңізді ұрлау», &ndash деп жазады олар.

 

Фишингтік сайттарды жеке аккаунттарға, төлем деректеріне, ақылы қосымшалар мен платформалардан логиндер мен парольдерге қол жеткізу үшін жасайды.

 

Фишингтің көмегімен алаяқтар адамдардың компьютерлерін немесе басқа құрылғыларын толығымен басқара алады.

 

Бұған дейін StopFake.kz алаяқтардың пайдаланушыларды алдау үшін танымал брендтерді қолданатындығы туралы жазған болатын.

 

 

 ҚазАқпарат

 

 




Көрілген: 3692    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 28.12.2020, 13:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    20 Ақпан, 02:24
    БАЙ БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛСЕ!..

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31